Главная Новости «Самұрық-Қазынада» қызметкерлердің денсаулығын қорғаудың жаңа тәсілдері талқыланды
06 августа 2026, 11:01 33

«Самұрық-Қазынада» қызметкерлердің денсаулығын қорғаудың жаңа тәсілдері талқыланды

«Самұрық-Қазынада» қызметкерлердің денсаулығын қорғаудың жаңа тәсілдері талқыланды

«Самұрық-Қазына» қорында «Қызметкерлердің денсаулығы – тұрақты экономикалық дамудың факторы» атты ақпараттық-танымдық конференциясы өтті. Оған қор тобының денсаулықты қорғау және еңбек гигиенасы жөніндегі мамандары, медицина қауымдастығының, ғылыми ұйымдардың өкілдері және цифрлық шешімдерді әзірлеушілер қатысты.

Қор компаниялары тобында қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға, еңбек жағдайларын жетілдіруге, профилактикалық бағдарламаларды дамытуға және өндірістік қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған бастамалар жүйелі түрде іске асырылады.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов қызметкерлердің денсаулығы өндірістік қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі әрі компаниялардың тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.

Конференция барысында қатысушылар еңбек ететін халықтың денсаулығын сақтаудың заманауи тәжірибелерін, кәсіптік аурулардың алдын алу мәселелерін, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғау саласында цифрлық шешімдерді қолдану тәжірибесін талқылады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: