Главная Новости «Самұрық-Қазынаның» активтерін жекешелендіру мерзімі қайта қаралды
17 маусым 2020, 10:04 1526

«Самұрық-Қазынаның» активтерін жекешелендіру мерзімі қайта қаралды

«Самұрық-Қазынаның» активтерін жекешелендіру мерзімі қайта қаралды

Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерін жекешелендірудің  жаңа  мерзімдерін  белгіледі, деп хабарлайды қордың Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар  департаменті.

Бүгін «Самұрық-Қазына» қорының Басқарушы директоры Алмасадам Сәтқалиев осыған қатысты  түсініктеме берді.

 «Бүгінгі таңда пандемия әсерінің нәтижесінде инвестициялық нарыққа айтарлықтай әсер ететін капитал нарығында белгісіздік орын алып отыр. Мұндай жағдайда Қордың активтерін жекешелендіру әділ құн тұрғысынан да, орналастыру мөлшері жағынан да қауіпті. Сондықтан біз Қордың жалғыз акционері - ел Үкіметіне 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарында көзделген мерзімдерді өзгертуді ұсындық. Өздеріңіз білетіндей, біздің бастамамыз толықтай қолдау тапты», - деді А. Сәтқалиев.

Осылайша, Қордың ірі активтерін жекешелендіру келесі мерзімге ауыстырылды:

1. 2021 жыл – «Қазпошта» АҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ стратегиялық инвесторына сату тәсілімен.

2. 2022 жыл – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Эйр Астана» АҚ IPO, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ және «Qazaq Air»  АҚ жекешелендіру.

3. 2023 жыл – «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ  - IPO.

Осы жылы  Қор «Қазақтелеком» акцияларының 10%-ын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ сатпақ. А. Сәтқалиевтің айтуынша, бұл мемлекеттің стратегиялық салада орнын сақтап қана қоймай, салымшылардың қаражатына кепілдік береді.

Қордың 21 ірі емес активі бойынша іс-шаралар 2023 жылға дейін аяқталатын болады. Сонымен қатар, А.Сәтқалиев атап өткендей, олардың әрқайсысы бойынша шешім тек экономикалық прагматизм тұрғысынан ғана қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысымен бекітілген және 167 компанияны қамтыған.

Қазіргі уақытта жекешелендіру жоспарына Қордың 9 ірі активтері мен 21 ірі емес активтері кіреді. 2016 жылдан бастап Қор 137 актив бойынша жекешелендіруді аяқтады, оның ішінде 84 актив 172 млрд. теңгеге сатылды және 53 актив жойылды немесе қайта ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың маусым айының басында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ҚАӨ-нің бұрын орналастырылған акцияларына қолайлы сұранысты пайдалана отырып, «Қазатомөнеркәсіп» акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттарын қосымша орналастыру процесін аяқтады. Лондон қор биржасында (LSE) және Астана (AIR) халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастыру қорытындылары бойынша инвесторлар тарапынан компания акцияларына сұраныс ұсыныстан 2,9 есе асып түсті.

Осылайша, компания акцияларының 6,28%-ы  211 млн. АҚШ доллары немесе 85 млрд. теңгеге  сатылды. АХҚО биржа алаңында барлығы 69,7 млн АҚШ долларына  53,4% қазақстандық  және  46,6% шетелдік инвесторлардан өтінімдер келіп түсті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: