Главная Новости «Самұрық-Қазынаның» кірісі өсті
24 шілде 2024, 13:16 496

«Самұрық-Қазынаның» кірісі өсті

«Самұрық-Қазынаның» кірісі өсті

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының 2023 жылғы кірісі 15,4 трлн теңгеге өсті. Бұл көрсеткіш – 2022 жылға қарағанда 4 пайызға жоғары. Компаниялар тобының қаржылық және өндірістік көрсеткіштері туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов брифинг барысында мәлімдеді.

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының 2023 жылғы кірісі 15,4 трлн теңгеге өсті. Бұл көрсеткіш – 2022 жылға қарағанда 4 пайызға жоғары. Компаниялар тобының қаржылық және өндірістік көрсеткіштері туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов брифинг барысында мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, 2023 жылғы қорытындылары бойынша «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының кірісі 4 пайызға өскен. Яғни, бұл теңгеге шаққанда – 15,4 трлн шамасында.

«Мұндағы өсімді уран мен жүк тасымалы құрағанын атап өткен жөн. Мұнай өндіру де артты, әйткенмен, мұнай сатудан түскен түсімнің өсімі сезілмеді. Себебі, бір баррель мұнайдың орташа бағасы 99 доллардан 82,3 долларға дейін төмендеді», – деп атап өтті Айдар Рысқұлов.

Жалпы, Қор тобының активтері 2023 жылдың қорытындысы бойынша 37 трлн теңгені құрады. Бұл арада активтердің бір жылдағы өсімі – 10 пайыз көлемінде. Спикердің мәлімдеуінше, Қор 2026 жылдың соңына дейін батыл меже қойып отыр. Дәлірек айтқанда, Қор тобының активтерінің мөлшерін 100 млрд АҚШ дорлларына дейін жету міндеті тұр. Бұл орайда бағыт айқын екенін айтады Айдар Рысқұлов.

Қор компаниялар тобының өндірістік көрсеткіштері де едәуір жақсарғанын атап өткен жөн. Мәселен, уранды өндіру көлемі – 18,1 мың тонна. Бұл былтырғы көрсеткіштен 10,4 пайызға артық. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кірісі айтарлықтай өсті. Ал «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ теміржол арқылы жүк айналымының көлемі 262,4 млрд тонна/км құрады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7%-ға артық. Транзиттік жүк пен импорттық жүкті тасымалдау көлемі өсіп, кіріс мөлшеріне оң әсерін тигізді.

Бұл қатарға QazaqGaz компаниясын да қосуға болады. Табиғи газды өндіру көлемі 24,1 млрд текше метрді құрады және өткен жылдың көрсеткіштері 1,4 млрд текше метрге асып түсті. Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 23,5 млн тонна деңгейіне жетті, бұл 2022 жылғы көрсеткіштерден 6,8 пайызға жоғары. Алайда, «ҚазМұнайГаз» қызметінің нәтижелеріне мұнай бағасының төмендеуі айтарлықтай әсерін тигізді.

Бұдан бөлек, Қор Үкіметтің пайдасына төлемдерді ұлғайту жұмыстарын жалғастыруда. Қордың дивидендтік саясатына сәйкес жыл сайынғы төленетін дивидендтердің мөлшері (Қордың Үкіметтің тапсырмасы бойынша іске асырылатын жобаларды қаржыландыру көлемін есепке алғанда) Қор портфельдік компаниялардан алатын дивидендтердің 50 пайызды құрайды. Бұл ретте, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл норма асыра орындалды. Үкіметке Қор алған дивидендтердің 78 пайызы жіберілген.

Былтырғы қорытынды бойынша дивидендтер көлемі шамамен 513 млрд теңгені құрады. Бұл ретте «Самұрық-Қазына» АҚ 2023 жылы акционердің пайдасына – 1,5 трлн теңгеге жуық рекордтық соманы төлеген.

Бұдан бөлек, Қор тобы «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы 2023 жылы денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және өңірлерді дамыту саласында 7,2 млрд теңгеге әлеуметтік жобаларды іске асырды.

Қор алдағы уақытта белгігенген меже мен бағыт-бағдар бойынша көрсеткіштерге қол жеткізуде жүйелі жұмыстарды жалғастыратын болады.

«Егемен Қазақстан» басылымынан

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: