Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да кен орындарындағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту бойынша іс-шаралар жалғасуда: жиһазды жаңартудан бастап сантехникалық құрал-жабдықтарды ауыстыруға дейін түрлі бағыттар бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, қазіргі уақытта Қаламқас және Жетібай кен орындарында жұмысшылардың ауысымдық киімдерін сақтауға арналған металл шкафтарды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Киім ауыстыратын бөлмелердегі шкафтар біраз жылдан бері жаңартылмаған, сондықтан бұл мәселе ең өзекті мәселелердің бірі болып тұр.
Тендер нәтижелері бойынша шкафтар дайындайтын компания белгілі болды, алайда жеткізілім басталғанға дейін өнімдермен танысып, оның жоғары сапа стандарттарына сәйкестігіне алдын ала көз жеткізу мақсатында Бас директордың әкімшілік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ермек Коптлеев бастаған "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ жұмыскерлер тобы - Қоғам цехкомдары - Мирас Сұлтанов (ҚМГ ӨБ №1 МГӨК), Ержан Мұратбаев (ЖМГ ӨБ №1 МГӨК), Ерлан Әділханов (ҚМГ ӨБ №1 МГӨК ҚЖПЖЦ), Берік Сәбиев (ЖМГ ӨБ ҚҚҰЦ) дайындаушы зауытқа (Алматы қаласындағы "Эталон" ЖШС) арнайы барып, шкафтардың дайындалу барысымен танысты.
«Шкафтардың шынымен жоғары сапалы екеніне көз жеткізсек дейміз. Өнімдер кенорындарға жеткізіліп, жұмысшылар игілігіне берілгеннен кейін сапасы нашар болып шығып, есіктері сынып немесе сөрелерінің құлап жатқанын қаламаймыз, – деді Ермек Коптлеев. – Сондықтан зауытқа алдын ала барып, шкафтарды қарап, тексеріп жатырмыз. Құрастыру процесімен таныстық. Зауыт өкілдеріне өнімді дайындау кезінде ескерілуі тиіс бірнеше мәселелерді тапсырып, өз тарапымыздан ұсыныстар жасадық. Жалпы, алдағы айларда Қаламқас және Жетібай кен орындарында 810 дана шкафты жаңарту жоспарлануда. Жаңа өнімдер ұзақ және сенімді қызмет етеді деп үміттенеміз және біздің мұнайшылар жаңа шкафтар сапасына риза болады деп сенеміз».
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
65
10 декабря 11:56
Білікті маман Дастан Жүнісұлының еңбек жолы