Главная Новости Сарапшылар ҚМГ кен орындарында мұнай өндіруді қарқындату жөніндегі жол картаны талқылады
29 маусым 2023, 14:07 639

Сарапшылар ҚМГ кен орындарында мұнай өндіруді қарқындату жөніндегі жол картаны талқылады

Сарапшылар ҚМГ кен орындарында мұнай өндіруді қарқындату жөніндегі жол картаны талқылады

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кен орындарындағы технологиялық сын-қатерлер және мұнай өндіру коэффициентін ұлғайту жөнінде стратегиялық сессия өз жұмысын бастады. Іс-шараға ҚМГ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, бірқатар еншілес және тәуелді ұйымдардың бірінші басшылары, Қазақстанның ірі өндіруші компанияларының өкілдері қатысуда.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – геологиялық барлау саласындағы тың бағыттардан бастап көмірсутегін жеткізудің логистикасын әртараптандыруға дейін әлемдегі жаһандық өзгерістер аясында отандық мұнай-газ саласының дамуын бағалау.

«Мұнай-газ саласын дамытудың дәстүрлі тәсілдерінің өзгеруі біздің нарыққа да ықпал етуде. Бұл, сөзсіз, Қазақстанның мұнай секторын дамытуда бұрынғыдан бөлек, тың жолдарды қарастыруды талап етеді. ҚМГ кен орындарының түйткілді мәселелерінің бірі – өндіруі қиынға түсетін қорларды игерумен байланысты. Қорлардың басым бөлігі тұтқырлығы жоғары, өткізгіштігі төмен және карбонатты коллекторлары бар кен орындарында шоғырланған», - деді алғы сөзінде ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев.

Ол тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарды жүргізу және мониторингтен өткізу барысында тәсілдерді біріздендіру қажеттілігіне назар аударды. Бұл ҚМГ кен орындарында мұнай өндіру көлемін ұлғайту үшін оңтайлы технологияларды анықтауға және енгізуге, сондай-ақ оларды таратуға мүмкіндік береді.

«Алдағы бес жылдағы басты міндетіміз технологиялық сын-қатерлер туындағанда инженерлік шешімдерді табысты пайдаланумен шектелмейді. Әлемдегі осыған ұқсас кеніштерде инновациялық технологияларды пайдалану тәжірибесін ескере отырып, кен орындарда мұнай өндіру коэффициентін ұлғайтуға бағытталған жол картасын қолдануды басты назарға алуымыз керек», - деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Сессияға қатысушылардың назарына ҚМГ-нің өндірілетін мұнай қоры бойынша өзгеге қарағанда ауқымдырақ үздік 12 кен орнын қамтитын (кен орындарының жалпы саны 70-тен асады) біріздендірілген Диагностикалық карта ұсынылды. Олар 5 бағыт (геология, барлау, өндіру, бұрғылау, инфрақұрылым) және 14 технологиялық параметр (қорларды қалпына келтіру және өндіру, өндірілетін өнімді суландыру, орташа тәуліктік дебит, ұңғыма траекториясының сай болуы, тозу деңгейі, жерүсті инфрақұрылымның шектеулері, электр энергиясының ажырауы және басқалар) бойынша бағаланды. Өз кезегінде технологиялық параметрлердің ықпалы 17 өлшемшарт бойынша ескерілді.

Сессия соңында қатысушылар кен орындарды технологиялық бағалаудың параметрлері мен өлшемшарттарын біріздендіру және жаңа технологияларды енгізу бойынша өз ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар, 2028 жылға дейін мұнай өндіру қарқынын күшейтуді көздейтін технологиялық сын-қатерлерді еңсерудің негізгі кезеңдері (Жол картасы) анықталды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: