Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
"Сарыарқа" газ құбырының құрылысы жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. Бұл туралы Қызылорда облысына жұмыс сапармен барған "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке баяндалды деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.
"Сарыарқа" газ құбырының құрылысы "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырынан бастау алады. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басты құрылыс жұмыстары 2019 жылдың соңына дейін аяқталады. Ал, 2020 жылы нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Өз кезегінде, Ахметжан Есімов құрылыс барысымен танысып, оң бағасын берді және жұмыстың сапасы мен тапсырылу мерзімінің сақталуын талап етті.
"Сарыарқа" магистральды газ құбыры Қазақстанның астанасы мен орталық және солтүстік аймақтарын газбен қамтуға арналған. Қор ауқымды жобаны қаржыландыруға қатысады,"ҚазСтройСервис» компаниясы - құрылыс мердігері, "Астана Газ ҚМГ" - операторы.
Айта кеткен жөн, газ құбырының тасымалдау қабілеті жылына 2,2 млрд текше метр газды құрайды. Мысалға, тек Алматы облысы мен Алматы қаласының газ тұтыну мөлшері жылына 2 млрд текше метр. Жалпы алғанда, Қарағанды және Ақмола облыстарында 171 елді мекен газбен қамтамасыз етіледі.
Осылайша, газдандыру есебінен көмір отының тұтыну көлемі жылына 650 мың тоннаға азаяды. Бұл шаралар еліміздің экологиялық жағдайын жақсартады. Бұдан басқа, "Сарыарқа" газ құбырының құрылысы 800-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, ең қызу жұмыс жүретін айлары 2000-нан аса адам жұмылдырылады.
Атап өтейік, құбырды төрт кезеңде салу жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде Жезқазған-Қарағанды-Нұрсұлтан бағытындағы магистралды газ құбырының құрылысы жүргізіледі. Екінші кезеңде Нұр-Сұлтан қаласынан Көкшетауға дейін газ құбырын тарту, ал үшінші кезеңде Петропавл қаласына тарту көзделіп отыр. Соңғы кезеңде Жезқазған мен Теміртаудағы компрессорлық станциялардың құрылысы қарастырылған. Құбырдың жалпы ұзындығы 1061,3 шақырым. Жобаны іске асыруға жергілікті компаниялар мен еңбек күші тартылған.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
67
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
72
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы