Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бүгінгі таңда Семей ЖТ бөлімшесі бойынша теміржолшылардың әлеуметтік ахуалын жақсарту мәселелерімен бір қатарда оларға қолайлы жұмыс орнын жасау, еңбекке қажетті құрал-жабдықтармен және арнайы қызметтік киіммен қамту шаралары да тұр. Бұл туралы «Қазақстан теміржолшысы» жазды.
Бөлімше басшылығының ерекше назарға алуымен аталмыш бағытта бірқатар жұмыс жүргізілді. Сол себепті, қазіргі күні бөлімшедегі, желі бойындағы барша теміржолшыларды арнайы жазғы және қысқы қызметтік киімдермен, аяқ-киіммен қамту (шұлықтарды қоса алғанда) 100 пайызды құрап отыр.
Бұл ретте жазғы және қысқы киімдерді сатып алу бойынша ұзақ мерзімді келісім шарт жасалған болатын. Яғни, ағымдағы жылдың наурыз айындағы келісім бойынша енді екі жыл аралығында «Тараз- КожОбувь» ЖШС, «Қарағанды аяқкиім фабрикасы» ЖШС, ПКК «Арго» ЖШС теміржолшыларға қажетті маусымдық киімдерді дер кезінде жеткізіп тұрады. Қазіргі таңда ерлер мен әйелдерге арналған былғарыдан тігілген сапалы аяқ киімдер қолданысқа енгізілген.
Сол тәрізді коронавирус инфекциясына қарсы қорғаныш құралдарын сатып алу бойынша да «Заман» ЖШС және «Ардагер-М-Comрanу» ЖШС-мен аралықта тығыз әріптестік орнатылған. Бұл орайда медициналық қолғаптар мен қажетті антисептиктер теміржол мекемелеріне уақытында жеткізілуде. Ал Mega Pfarma ЖШС жеткізетін бір реттік медициналық бетперденің 42642 данасына тапсырыс берілген екен. Бір айта кетерлігі, бүгінгі күнге дейін қызметтік киімдер бойынша теміржолшылар тарапынан ешқандай шағым тіркелмепті.
Қуаныш Кожаев
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
67
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
76
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы