Главная Новости Семейде «Жас теміржолшы» челленджі өтіп жатыр
25 мамыр 2023, 16:02 1666

Семейде «Жас теміржолшы» челленджі өтіп жатыр

Семейде «Жас теміржолшы» челленджі өтіп жатыр

Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Владимир Бабиченконың өкімімен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. 

Еңбек ұжымдарында эмоционалды-мерекелік көңіл күй қалыптастыруды мақсат еткен шаралар легін «Жас теміржолшы!» челленджі бастады. Балалар ата-аналарының рұқсатымен әрі көмегімен теміржолшы формасын киіп, желі бойындағы әкімшілік нысандарда түрлі кейіпте суретке түсіп әлеуметтік желі арқылы жолдаулары керек. Аталмыш челленджді әуелгі кезекте Суықбұлақ станциясының теміржолшылары бастады. Жексенбі күні теміржолшы формасын    киген балақайлар станция ғимаратына келіп, аға-әпкелері, ата-аналары жұмыс істейтін орындармен танысты, суретке түсті. Балақайлар негізінен вагон қарушылары, станция кезекшісі, жолшы, тіпті жолсерік болып киініпті. Ойын баласы болғандықтан барлығы да тез әсерленіп, өздерін нағыз теміржолшылар тәрізді ұстай білді.

Бұл жерде оларды станция басшысы, Жарма өңіріне әйгілі Тұрсынбековтер династиясының өкілі Ернұр Талғатұлы қарсы алып, теміржолшы кәсібінің әліппесімен таныстырды.    

– Балалар мен олардың ата-аналары үлкен энтузиазммен дайындалды. Қысқа мерзім ішінде арнайы формалар да тігіп алды. Айта кетерлігі, бұл балдырғандардың арасында заманындағы Түрксіб құрылысын жүргізген даңқты династиялар өкілдері де бар. Балаларды арнайы әзірленген дастарханда тәттілермен сыйладық. Балақайлар келе жатқан мерекелерін айқын сезінді дей аламыз, – дейді Ернұр.

Аталмыш челленджді бір демде семейлік шаруашылық ревизорлары мен бөлімше қызметкерлері іліп алды. Ата-аналарымен бірге олардың жұмыс орындарына келуге мүмкіндік алғанына қуанған балдырғандар тіпті арнайы қауіпсіздік желетін киіп, бағыттамалы бұрмалар басында да суретке түсті.  

Айта кетерлігі сол, барлық фотосуреттер жиналып, іріктеліп, ең көркем әрі мазмұнды шыққан суреттер «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің баспа өнімдерінде, яғни күнтізбелер мен түрлі плакаттарды, т.б. пайдаланылуы мүмкін.  

Бір бұл емес, балалар үшін тартылар сый әлі алдыда. Себебі, енді бірер күнде салалық кәсіподақ ұйымы, станция басшылары, ТЧЭ мен ВЧД басшылығының ұйымдастыруымен балалар үшін барлық теміржол мекемелерінде «Ашық есік күні» ұйымдастырылмақ. Онда мекемелер басшылары өз жұмыс кабинеттерінде, тіпті, өндіріс орындарында балаларды қабылдап, теміржолшы мамандағының қыр-сырын қызықты етіп, егжей-тегжейлі түсіндіретін болады. 

Биылғы балақайлар мерекесі осылайша семейлік теміржолшылар арасында өзгеше сипатпен бастау алды. Жаңашыл шаралар аясында жергілікті сала қызметкерлері желі бойына таяу орналасқан балабақшалар мен балалардың ойын алаңқайларында да болып, танымдық-тағылымдық іс-шаралар жүргізуді көздеп отыр. Яғни, жас өркенге тек мерекелік көңіл күй сыйлап қана қоймай, желі бойындағы қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша да жұмыстар жүргізілмек.

Қуаныш Қожаев

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: