Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстан темір жолының 120 жылдық мерейтойына орай Абай еліндегі Жаңа-Семей жол дистанциясы желі бойындағы өз теміржолшыларының арасында шағын футболдан сайыс өткізді.
Семей ЖТ бөлімшесінің Жаңғызтөбе станциясында өткен жарысқа жалпы саны 35 адамнан тұратын төрт команда қатысты. Атап айтсақ, үш бірдей өндірістік учаске жолшылары мен көршілес «Досжан темір жолы» қызметкерлері келіп, өзара шеберлік сынасты.
Жаңа-Семей жол дистанциясының бастығы Қанат Әбдуғалиев пен ПЧ-40 кәсіподақ ұйымының төрайымы Зульфия Еникеева сайыс алдында лебіз білдіріп, жолшыларға жеңіс жолында сәттілік тіледі.
Сайысқа қатысқан жолшылардың ешқайсысы осал емес, Семей мен Аягөзде өткізілетін түрлі спорт сайыстарында команда намысын қорғап жүрген спортшы жігіттер болатын. Бір-бірінің әдіс-айласын, қыр-сырын білетіндіктен ойын барысы мейлінше тартысты әрі шиеленісті түрде өрбіді. Әйтсе де, ақтық сынға тек мықтылар ғана ілікті.
Финалдық сайыстың қорытындысы бойынша Жарма және Жаңғызтөбе станцияларында қызмет көрсететін үшінші учаскенің жолшылары бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Досжан темір жолының жігіттері иеленсе, үшінші орынды №1 Жаңа-Семей телімінің жолшылары алды.

Барлық жеңімпаз командаларға жеңіс кубоктары, дипломдар мен ПЧ-40 кәсіподақ ұйымының тарапынан әзірленген бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Ал Жаңа-Семей жол дистанциясының бастығы Қанат Рысқалиұлы өз атынан арнайы жүлде тігіп, үздік қақпашы атанған Ерлан Нихимбаевқа, үздік шабуылшы Тамирлан Қамұхамет және үздік қорғаушы Бауыржан Бейсембаев сынды ойыншыларға сый-сияпат жасады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
101
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
105
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы