Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстан теміржолының 120 жылдық мерейтойын ел шығысындағы теміржолшылар ерекше леппен атап өтті. Абай атындағы театрда өткен салтанатты шараға желі бойындағы сала қызметкерлері мол жиналып, олардың құрметіне концерттік бағдарлама қойылды. Мерекелік іс-шарада сөз алған бөлімше басшысы Алмас Сейсемқанов теміржолшыларды құттықтады.
– Бұл күн – пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп түзде жүретін жолшылар, машинистер, пойыз құрастырушылар, вагон қараушылар сынды тағы да көптеген мамандардың кәсіби мейрамы. Бұл күн – уақытпен санаспай еңбек етіп, тәуліктің кез келген мезгілінде жұмыс орнынан табылатын мамандық иелерінің лайықты бағасын алатын күн. Соның бір дәлелі – жылдағы дәстүрге сай биыл да кәсібилігімен танылған бір топ әріптесіміз түрлі наградаларға ие болуда, – деп атап өткен Алмас Ғылымұлы Семей теміржолының жетістіктеріне кеңінен тоқталып өтті.
Сол тәрізді Семей магистральдық желі бөлімшесі басшысы Айдын Шәукежанов та осы кезеңге дейінгі атқарылған іс-шаралар жайын сөз етіп, теміржолшылар қауымын кәсіби мерекемен құттықтады. Өз кезегінде «Қазкөліккәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұлов та тілек білдіріп, кәсіподақ атынан марапаттар тапсырды.
Семей станциясының бастығы, логистика саласының майталман маманы Болат Өтегенов биыл «Құрметті теміржолшы» белгісіне ие болды. АСУ бөлімінің басшысы Лаура Әлібекова «Адал еңбегі үшін» төсбелгісін өңіріне тақты. Ал, логистика және тасымалды ұйымдастыру бөлімінің бастығы Елдар Құрманов «Үздік маман» атанды. Шаған станциясының пойыз құрастырушысы Рахымбек Тілеубаев Ұлттық компания төрағасының Құрмет грамотасын иеленді. Сол тәрізді бірқатар сала қызметкерлері облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Қуаныш Қожаев
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
94
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
155
11 марта 17:40
Будущее энергетики Казахстана: технология чистого угля, ВИЭ и новые проекты
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
138
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету