Главная Новости Семейде «Самұрық-Қазына» қолдауымен заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады
16 апреля 2026, 20:16 42

Семейде «Самұрық-Қазына» қолдауымен заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

Семейде «Самұрық-Қазына» қолдауымен заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

Қор басшысы Нұрлан Жақыпов пен облыс әкімі Берік Уәли құрылыстың капсуласын салды. Жалпы ауданы шамамен 2 мың шаршы метр болатын екі қабатты кешенде әртүрлі спорт түрлеріне арналған залдар, 100 көрерменге арналған трибуна, жаттығу залы және басқа да бөлімдер қарастырылған.

Жобаны іске асыруға шамамен 1,6 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен ел бойынша ашылған 19 ірі спорт нысаны жұмыс істеп тұр және аталған кешендерде 700 мыңнан астам адам спортпен айналысуда. Биыл мұндай кешендер Ақтөбе, Арқалық және Қонаев қалаларында да бой көтереді.

«Соңғы 8 жылда Абай облысында 19 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Олардың ішінде балаларға арналған 2 оңалту орталығы, инклюзияны қолдау кабинеттері, зағиптарға арналған арнайы кітапхана, спорт алаңдары және өзге де нысандар бар. Семейдегі жаңа кешен болашақ чемпиондарды тәрбиелеп, өңірдегі бұқаралық спорттың дамуына серпін береді деп сенемін», – деді Нұрлан Жақыпов.

 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: