Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазіргі таңда Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары арасында бұқаралық спорттың барлық түрі танымалдылыққа ие. Әсіресе тақталы ойын түрлеріне деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Сонымен қатар бүгінде теміржолшылар балалары арасында да түрлі спорттық сайыстар өткізу ісі кеңінен жолға қойылған.
Аталған шараларға негізінен бөлімшенің кәсіподақ ұйымы ұйытқы болуда. Өткен сенбіде кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен балалар арасында шахматтан аймақтық сайыс өтті. Жарысқа еліміздің шығыс өңірлері саналатын Павлодар, Семей және Өскемен өңірінің балақайлары келді.
Қатысушылар ұлдар мен қыздар болып екі топқа бөлініп, өзара жарыс көрігін қыздырды. Балалардың барлығы да өздерінің аймақтарындағы түрлі жарыстарға қатысып, жүлде алып жүрген әуесқой шахматшылар болғандықтан да, әрбір партия шиеленісті шебер ойын үлгісін көрсетті. Жалпы, шахмат – ойлау қабілетін дамытып, адам бойындағы шеберлікті шыңдайтын керемет ойын.

Қатысушылардың жас шамасы да, деңгейлері де шамалас болатын. Әйтсе де, ерекше тапқырлық пен шеберлік танытып, қарсыластарын капы қалдырғандар басым түсті. Нәтижесінде үздік ойыншылар да анықталды. Атап айтсақ, ұлдар арасында өткізілген жарыс барысында семейлік өрен Әлібек Қорабаев бірінші орынды жеңіп алды. Ал екінші орын Павлодар қаласынан келген мейман Әлихан Мәдиұлына бұйырды. Сонымен қатар жүлделі екінші орынға өскемендік Игорь Набокин ие болды.
Қыздар арасында өткен сайыс та тартысты да шебер өрбіді. Бірінші орынды семейлік өрен Әсем Қажыбекова жеңіп алса, екінші орын Павлодар қаласынан келген жас ойыншы Қаныкей Дарханқызының еншісіне бұйырды. Барлық қатысушылар жергілікті салалық кәсіподақ ұйымы тарапынан әзірленген мақтау қағаздарымен және арнайы ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
67
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
76
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы