Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Семейлік теміржолшылар Абай облысы көлемінде ұйымдастырылып жүрген түрлі спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізуде. Әсіресе шағын футбол, үстел теннисі, экстремалды атлетика және алыс қашықтыққа жүгіру бойынша жетістіктер көп.
Айта кету керек, теміржолшылар арасында жаяу жүгіруден бұқаралық спорт жақсы дамыған. Бірқатар сала қызметкерлері қаладағы жеңіл атлетика бойынша жаттықтыратын түрлі клубтарға, спорттық секцияларға да мүше. Соның аясында әсіресе облыс, республика көлеміндегі әртүрлі сайыстарға жиі қатысып тұрады.
Жуырда аймақтағы марафоншылардың басын қосқан «Abai joly 100 miles» атты сайыс өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін байқауға биыл Семей магистральдық желі бөлімшесінің техникалық бөлімінің бастығы Нұрлан Бегәділов арнайы қатысып, бақ сынады.
– Спортты серік ететін түрлі сала өкілдері, соның ішінде кәсіби жеңіл атлеттердің өзі жоғары даярлықпен келген байқаудың оңай болмасы белгілі. Сондықтан бұл байқауға барарда жүрексінгенім рас. Дегенмен өзімді бәйгеге қосар аттай баптап, бірнеше күн тыңғылықты әзірліктен өтіп, сынға түсіп көрдім, – дейді ол.

Жарысқа қатысушылар Семейден Жидебайға апаратын, «Абай жолы» аталатын көне сүрлеу тас жолдың бойымен жүгірді. 6 шақырымдық сайыс жолына шыққан желаяқ теміржолшы өз жасы бойынша бірінші орынды жеңіп алса, жалпы қатысушылар бойынша жүлделі үшінші орынды қанжығаға байлады. Жарыстың салтанатты рәсімінде оған арнайы кубок, медаль және ақшалай сыйлықпен бірге зайыбы екеуіне Түркияға жолдама тарту етілді.
Қуаныш Қожаев
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
68
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы