Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Семейлік теміржолшылар рационализаторлық ұсыныстар саны бойынша ұлттық компания көлемінде алдыңғы қатардан көрініп келеді. Өңір өнертапқыштарының өндірістегі жетістіктері аз емес. Солардың бірі – Семей магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Жаңа-Семей жол дистанциясының инженер-метрологы Мария Тұрсынова.
Теміржол саласында 17 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан білікті маман соңғы жылдары өндіріске тиімділігі жоғары жаңашылдықтарды енгізуге ерекше көңіл бөліп келеді.
Оның зерттеу және зерделеу жұмыстарының нәтижесінде әзірленген бірқатар рационализаторлық ұсыныстар бүгінде еліміздің теміржол саласындағы өндірістік үдерістерге енгізу үшін қолдау тапқан.
Мария Тұрсынова 2021–2026 жылдар аралығында 13 рационализаторлық ұсыныс енгізіп, олардың барлығы Астанадағы техникалық комиссия тарапынан жоғары бағаланды.
Жуырда елордада өткен «Рационализаторлық – техникалық дамудың негізі» атты конференцияда Мария Евгеньевна ерекше жетістікке қол жеткізді.
150-ден астам өнертапқыштың арасынан озып шығып, «Үздік рационализатор» атағына ие болды. Ол жол шаруашылығы саласындағы өндірістік жаңашылдықтардың авторы ретінде әріптестері арасында үлкен құрметке ие.
Мария Тұрсынова алдағы уақытта да жинақтаған тәжірибесі мен білімін пайдалана отырып, өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа шешімдер мен тың идеяларды жүзеге асыруды мақсат етеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!