Главная Новости Семейлік теміржолшы «Tri Indoor» чемпионы атанды
05 сәуір 2024, 16:27 467

Семейлік теміржолшы «Tri Indoor» чемпионы атанды

Семейлік теміржолшы «Tri Indoor» чемпионы атанды

Семей магистральдық желі бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлімі бастығы Нұрлан Бегәділов түрлі республикалық сайыстарға теміржолшылар атынан қатысып, бақ сынап жүр. Жуырда ол елорда төрінде өткен ерекше сайыста топ жарды.

Соңғы жылдары заманауи үлгідегі Tri Indoor жарысы еліміз бойынша кеңінен қанат жайып, дамып келеді. Осыдан шамалы уақыт бұрын Астана қаласында байтақ республикамыздың әр түкпірінен жиналған түрлі сала мамандары үлкен сайыс өткізіп, жүлделі орындарды сарапқа салған болатын. 

Нұрлан бұл жарысқа 40 жастан жоғарылар тобында қатысты. Сайыс талабы бойынша әр қатысушы әуелі 10 минут бойы жүзіп жарысып, 25 минут велотренажёрде жылдамдығын көрсетіп, соңында 15 минут бойы жасанды жүгіру жолағында ептілігін байқатуы керек болатын. Осылайша санаулы уақыт аралығында барлығынан да жоғары жылдамдық көрсеткен Абай елінен барған спортшы қорытынды нәтиже бойынша бас жүлдені қанжығаға байлады. 

– Бұл жарыста жеңіске жету оңайға түскен жоқ. Себебі қатысушылардың барлығы дерлік фитнес залда жаттығып шыныққан әуесқой спортшылар. Әсіресе суда жүзу бойынша өткен сында төзім мен өзіндік әдіс-тәсіл қолдану қажет болды, – дейді пікір білдірген Нұрлан Бегәділов. 

Астанадан чемпионаттың алтын медаліне ие болып, бағалы сыйлық алып қайтқан теміржолшы елге оралысымен жаттығуды қайтадан бастап кетіпті. Себебі жеңіл атлетиканың сан түрі бойынша жарыстар маусымы енді басталмақ. 

Қуаныш Қожаев

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: