Главная Новости Семейлік теміржолшылар мен полицейлер оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
16 ақпан 2022, 10:40 1490

Семейлік теміржолшылар мен полицейлер оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

Семейлік теміржолшылар мен полицейлер оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді Фото: rail-news.kz

Бүгінде теміржол бойында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі және олардың қатысуымен болатын құқықбұзушылықтың алдын алу өзекті мәселенің бірі. Семейлік теміржолшылар көліктегі полиция қызметкерлерімен бірлесіп арнайы акция өткізді.

Басты мақсат – теміржол бойындағы жасөспірімдер қылмысына жол бермеу, жол бойындағы жазатайым оқиғалардың, пойыз терезесіне тас лақтыру сынды бұзақылықтың алдын алу. «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы аясында желілік полиция қызметкерлері мен теміржолшылардан құралған топ мектептерде болып, құқықтық тақырыпта, теміржол көлігі объектілеріндегі қауіпсіздік ережелері бойынша дәріс оқып, әңгімелесу өткізді. Тәртіп сақшылары қылмыстық іс және әкімшілік кодекстердің нормаларынан мысалдар келтіріп, түсінік жүргізді. Аталған бағыттағы жұмыстар бес орта мектеп пен төрт колледжде өткізілді.

Сонымен қатар, теміржол бойындағы бірқатар еңбек ұжымдарында да арнайы түсіндіру жұмыстары мен дәрістер өткізілді. Оған қоса вокзалдарда да жолаушылармен жүздесіп, бес мәрте жергілікті тұрғындармен жиын ұйымдастырылды. Мұндай шаралар жолаушылар пойызында да өтті.

Акция барысында ҚР заңнамасын бұзушыларды анықтау бойынша 11 рейдтік іс-шара жүргізіліп, оның барысында 58 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды. Түнгі уақытта жалғыз-жарым жүрген екі кәмелетке толмаған жасөспірім, теміржолдың белгіленбеген жерінен өткен тағы екі бала анықталып, барлық кәмелетке толмаған балалармен және олардың ата-аналарымен теміржол нысандарындағы тәртіп қағидалары бойынша профилактикалық әңгімелер өткізілді.

"Жауапкершілік бәріне бірдей, бала ма, шаға ма, тәртіпсіздік үшін жауап береді. Теміржол бойындағы ескерту және тыйым салу белгілеріне назар аудару керек, ата-аналарға ескертеміз, теміржол нысандарында кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар үшін Қылмыстық кодекске сай жауапкершілік көзделген", – деді Семей станциясындағы ЖПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Рүстем Әбеуов.

Қуаныш Қожаев,

Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: