Главная Новости Семейлік теміржолшылар теннистен бәсекеге түсті
11 қазан 2022, 16:26 788

Семейлік теміржолшылар теннистен бәсекеге түсті

Семейлік теміржолшылар теннистен бәсекеге түсті Сурет: Қуаныш Кожаев

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесі бойынша «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-ның 25 жылдығы мен Кәсіподақ ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына орай үстел теннисінен өңірлік біріншілік өтті. Оған желі бойынан 45 адам қатысып, жалпы саны бес команда бақ сынасты.

Жалпы, үстел теннисі – семейлік теміржолшылар арасында кеңінен танымал спорт түрі. Сондықтан аталмыш біріншілікте командалық және жекелей тәртіп бойынша жарыстар өткізу ұйғарылған болатын. Бірнеше айналым бойынша өткен сайыста теннистің нағыз шеберлері іріктеліп, бас жүлдені Семей станциясының теміржолшылары жеңіп алды. Ал екінші орынды Семей локомотив пайдалану депосы алса, үшінші орынға қалпына келтіру пойызының спортшылары тұрақтады.

Келесі кезекте жекелей ойындар өтіп, ерлер арасынан Шар станциясынан келген Қайрат Қарақанов, ал әйелдер арасында Семей Транстелеком филиалының ойыншысы Әйгерім Тоқпанова жеңімпаз атанып, топ жарды.  

Сонымен қатар, үстел теннисі ардагер теміржолшылар арасында да өткізіліп, осыған дейін де 60 жастан асқан ардагерлер ішінде чемпион атанып жүрген Жұмағали Жақыпжановтың бағы жанды. Екінші орынды Виктор Анфалов иеленді. Айта кетерлігі, екі ардагер де байырғы вагон шаруашылығының теміржолшылары.  

Жүлделі үшінші орынды иемденген – ПЧ-39 ардагері Ысқақ Кузбаев. Барлық жеңімпаздар салалық кәсіподақ ұйымы тарапынан арнайы әзірленген сый-сияпаттармен марапатталды.

Қуаныш Кожаев

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: