Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Серікбай Трұмов пен Сүйіндік Алдашев Қаражанбас кен орнына жұмыс сапары аясында қабат суын тұшыту зауытының құрылыс барысымен танысты. «Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасы сенаторларды жұмыс процесімен таныстырды.
Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу сатысында. ҚСТЗ алаңындағы жағдаймен танысқаннан соң инвесторлар және мердігер мекемелердің қатысуымен жиналыс өтті. Онда «СИТИК – Водная экология (Ақтау)» БК ЖШС Бас директоры Мэн Чжао Цин ҚМЖ-ын биыл мамыр айының соңына дейін аяқтау, ал іске қосу кезеңі маусым айының соңына жоспарланғанын мәлімдеді.
Алайда, ҚБМ басшылығы инвесторлардың белгіленген мерзімде жұмысты аяқтайтынына сенімді емес. Олардың халықаралық жобаларда тәжірибесінің болмауы, жұмыс күшінің жетіспеушілігі және жоспарлаудың нашарлығы құрылыс мерзімінің кешігуіне алып келді. Сонымен қатар, ҚБМ Басқармасы өңірде ауыз суға қажеттілік туындайтындықтан облыс әкімдігі кен орнына су беруді шілде айынан бастап шектей алатынын атап өтті. Бұл мұнай өндіру көлемінің азаюына және компанияның экономикалық жағдайының нашарлауына себеп болуы мүмкін.
Депутаттар аталмыш зауыттың ҚБМ үшін де, жалпы бүкіл өңір үшін де маңыздылығын атап өтіп, инвесторға объектіні іске қосу мерзімін және құрылыс жұмыстары кезінде жоғары сапаны қатаң сақтауды тапсырды. Айта кетейік ҚСТЗ жобасы ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында.
186
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!