Главная Новости Сенбі сайын көшеттер суарылады
12 шілде 2021, 08:16 1582

Сенбі сайын көшеттер суарылады

Сенбі сайын көшеттер суарылады

Өңірдегі аптап ыстыққа байланысты «Қаражанбасмұнай» АҚ ұжымы сенбілік кезінде отырғызылған ағаштарды суару жұмыстарын жандандыра түсті. Бүгін сенбілікке қаржы-экономикалық блок пен персоналды басқару және еңбекақы төлеу департаментінің жұмысшылары шықты. Олар өздеріне бекітілген аумақты тазартып, көшеттерді суарды.

Облыстық сәбилер үйінің ауласында жасыл желек жайқалып тұр. Ауқымды сенбілік кезінде мұнда қаржыгерлер мен экономистер 150 жеміс ағашын отырғызған еді. Жұмысшылар төрт айға жуық уақыттан бері Бас директордың орынбасары Мырза Серіковтың жетекшілігімен көшеттерге күтім жасауды тоқтатқан емес. Мұнайшылар апта сайын жасыл желекті суарып қана қоймай, ауланы қоқыс пен арамшөптен тазартады.

«Көшеттеріміздің бүршік атып, гүлдегені қуантады. Ағаштарымыз толық тамыр жайып, жеміс бергенше қамқорлық жасаймыз. Демалыс күнін тиімді өткізу үшін, сенбіліктер үнемі ұйымдастырылу қажет», – деді Бас директордың қаржы-экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары Мырза Серіков.

Облыстық Бекет ата мешіті жанындағы 100 түп көшет те тамыр жайды. Жас өскіндер бүршік жарып, жапырақтары гүлдей бастаған. Кадр және әлеуметтік блок жұмысшылары талдарға ерекше қамқорлықпен қарайды. Мұнайшылар аумақты тазалағаннан кейін әр көшеттің жағдайын тексерді.

«Бұған дейін агроном ағаштардың жағдайын тексеріп, бүршік атпаған бірнеше көшетті қайта қазып алды. Қалғанын суға арнайы дәрумендер қосып суардық. Бүгін сол әдісіміздің оң нәтижесін көріп отырмыз», – дейді ПБжЕАТ департаменті директоры орынбасарының міндетін атқарушы Жасұлан Жантөреев.

Мұндай сенбіліктер әр апта сайын Қаражанбас кен орны аумағында да ұйымдастырылады. Осылайша, мұнайшылар айналаны гүлдендіріп қана қоймай, демалыс күнін тиімді өткізеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: