Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның 40-тан астам кәсіпорны Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында сенім сертификатын алды, деп хабарлайды SKnews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құжат теміржол кәсіпорындары қызметкерлерінің еңбек құқықтарын сақтауының, қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етудің жоғары деңгейін куәландырады.

Сенім сертификаттары қызметі еңбек заңнамасы мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігі, бірнеше критерийлер бойынша тексеруден өткен «ҚТЖ» ҰК» АҚ бөлімшелеріне беріледі. Негізгі критерийлердің бірі – 7, 10 және 15 жыл ішінде өндірістік жарақаттанудың болмауы.
15 жылдан астам өндірістік жарақатсыз жұмыс істеген желілік кәсіпорындар 1-класты сенім сертификаттарына ие болды. Бұл Қостанай белгі беру және байланыс дистанциясы, Сексеуіл локомотив пайдалану депосы, «Теміржолсу-Арыс» ЖШС және басқалары.
12 желілік кәсіпорынға, оның ішінде Серебрянск жол дистанциясы, Құлсары белгі беру және байланыс дистанциясы және басқаларға 2-класты сенім сертификаттары табысталды. Олар өндірістік жарақатсыз 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеген.
Жеті жыл ішінде 15 желілік бөлімшеде (Қандыағаш локомотив пайдалану депосы, Есіл жол дистанциясы және басқалар) бірде-бір жазатайым оқиға тіркелген жоқ. Осы кәсіпорындар ұжымы 3-класты сенім сертификаттарына ие болды.
Сенім сертификаты желілік бөлімшелерді еңбек заңнамасының талаптарын сақтау бойынша жоспарлы тексерулерден босатады және қол жеткізілген көрсеткіштерді қолдауға міндеттейді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
98
21 января 15:03
Еңбекпен келген жол: Әлібек Жолдасбектің кәсіби жолы