Главная Новости Сеулде Қазақстан-Корея іскерлік кеңесінің XIV отырысы өтті
16 сентября 2026, 12:01 30

Сеулде Қазақстан-Корея іскерлік кеңесінің XIV отырысы өтті

Сеулде Қазақстан-Корея іскерлік кеңесінің XIV отырысы өтті

Сеулде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Кореяға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан-Корея іскерлік кеңесінің XIV отырысы өтті.

Іскерлік кеңестің жұмысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Қазақстан-Корея іскерлік кеңесінің кәріс тарапынан тең төрағасы, Корея халықаралық сауда қауымдастығының (KITA) төрағасы Юн Джин Шик құттықтау сөз сөйледі. Қатысушылар алдында Корея Республикасының Премьер-министрі Хан Сон Сук та сөз сөйледі. Іс-шараға 90-нан астам кәріс компаниясы қатысуда.

«Бүгінгі кездесу Қазақстан мен Корея арасындағы іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін айрықша маңызды. Арадағы уағдаластықтар серіктестікке жаңа серпін беріп, бірлескен жаңа жобаларды іске асыруға ықпал ететініне сенімдімін», – деді «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов.

Іс-шара аясында жалпы сомасы шамамен 19 млрд доллар болатын 80-нен астам келісім мен өзге де құжаттарға қол қою жоспарланған. Қордың портфельдік компаниялары мұнай-газ, энергетика және тау-кен металлургиясы салаларында кореялық серіктестерімен жалпы сомасы шамамен 11 млрд доллар болатын келісімдер жасаспақ. Отырыс барысында қатысушылар ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары мен Қазақстан-Корея арасындағы сауда-инвестициялық байланыстардың дамуына қосымша серпін беретін бірлескен жаңа жобаларды талқылайды.

Корея халықаралық сауда қауымдастығы (KITA) мен «Самұрық-Қазына» АҚ - Қазақстан-Корея іскерлік кеңесінің тең төрағалары.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: