Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Түркістан облысындағы Шардара СЭС-інде станцияны қайта құру аясында жоспарланған төрт су агрегатының екіншісі пайдалануға тапсырылды. СЭС-те технологиялық жабдықтың сынағы ойдағыдай аяқталып, негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді деп хабарлайды "Самұрық-Энерго" АҚ баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Шардара СЭС-ін түбегейлі жаңғырту бағдарламасы аясында 2020 жылғы наурызға дейін станциядағы төрт су агрегатының бәрін де ауыстыру жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 38 млрд. теңгені құрайды. Қаржыландыру 32%-пайызға дербес қаражат есебінен, 68%-пайызға несие есебінен іске асырылуда. Жоба мердігері – австриялық-германиялық "Andtitz Hidro GmbX" компаниясы.
Ауқымды қайта құру СЭС-тің қуатын 26 пайызға – қазіргі 100 МВт-тан 126 МВт-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жыл сайын қосымша 57 млн кВт/сағат электр энергиясы өндірілетін болады. Жаңа жабдық су станциясының қызмет ету мерзімін 35-40 жылға дейін ұзартып, СЭС-ті пайдалану сенімділігін арттырады және авария қаупінің деңгейін төмендетеді. "Самұрық-Энерго" АҚ мамандарының сөзінше, бұл жоба энергия тапшылығын сезініп отырған Түркістан облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде және өңірдегі су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда үлкен маңызға ие.
Шардара СЭС-і 1967 жылы пайдалануға берілді, белгіленген қуаты 100 МВт және агрегаттарының саны – 4. Норматив бойынша қызмет ету мерзімі 25 жыл болса, станцияның технологиялық жабдығы 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді, жаңғырту жобасының басталуына қарай жабдықтың тозуы шамамен 100%-пайызға жеткен. Су станциясында орнатылған электр жабдығының бір бөлігін оны жасаған зауыттар қазір шығармайды және оны өндірістен алып тастаған. Үнемділігі мен пайдалану сенімділігі тұрғысынан жабдықты одан әрі пайдалану мақсатқа сай болмай қалған.
Алғашқы екі су агрегатын пайдалануға тапсырумен бірге, үшінші агрегат бойынша құрылыс жұмыстары қатарласа жүруде. Сонымен бір мезгілде төртіншісі орнынан алынады. Бекітілген кестеге сай, бұл уақытта осыған дейін іске қосылғандары жұмыс істеп тұрады. Осылайша, жұмыс жоспарына сай, төрт су агрегатының бәрін де жаңарту көзделуде.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
68
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы