Главная Новости Шеберлік тәжірибемен келеді
02 наурыз 2022, 09:00 1373

Шеберлік тәжірибемен келеді

Шеберлік тәжірибемен келеді

Шахмардан Есенов атындағы университет студенттерінің екінші легі Қаражанбас кен орнына вахта ауысымына келді. Олар сұранысқа ие мамандықтар бойынша тәжірибеге бағытталған оқыту арқылы білімін шыңдайды. Студенттерді кен орнында өндірістік басқарма басшылығы күтіп алып, цехтар мен бөлімдерге бөлді.

Данагүл Таңатарова №2 мұнай өндіру цехына инженер-технолог болып барды. Студент мұндай стратегиялық маңызды өндіріс орнына алғаш рет келіп отыр. Ол болашақ мамандыққа деген қызығушылық пен құштарлық болғанымен, мол тәжірибе қажеттігін жасырмайды.

«Өндірістік процестің қалай ұйымдастырылғанын көру және оған тікелей қатысу – жұмысқа енді кіріскен жас маманның бәріне бұйыра бермейді. Оған қоса Қаражанбас тұтқырлығы жоғары мұнай өндіретін бірегей кен орны. Мен үшін бұл баға жетпес тәжірибе», – дейді Данагүл.

Әрбір тәжірибеден өтушінің жұмысын тәлімгерлер жеке қадағалайды. Олардың бақылауымен студенттер кен орны үшін маңызды жобаларды, жеке дағдыларды дамытуға бағытталған арнайы оқу модульдерін іске асыруға қатысады. Мысалы, жобалық-сметалық бөлімге жіберілген тағы бір жаңадан келген маман ғимараттар мен құрылыстарды есептеумен және жобалаумен айналысады.

«Мен дәл осы мамандықта оқимын, сондықтан өз білімімді жетілдіруге үлкен мүмкіндік бар. Осындай алдыңғы қатарлы кен орны жұмысына өз үлесімді қосатыныма өте қуаныштымын. Тәлімгерлеріміз нағыз кәсіби мамандар. Олар бізге көмектесіп, бәрін үйретіп бастады», – дейді Ислам Совет.

Студенттер оқу жылының соңына дейін вахталық әдіспен жұмыс істейді. Айта кетейік, былтырдан бері кен орны цехтарында 30-ға жуық жас алғашқы кәсіби шеберлік сабақтарына қатысты.

 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: