Главная Новости Шетелден келетін гуманитарлық көмек кеденде кезекте тұрмайды
18 сәуір 2024, 12:20 256

Шетелден келетін гуманитарлық көмек кеденде кезекте тұрмайды

Шетелден келетін гуманитарлық көмек кеденде кезекте тұрмайды

Гуманитарлық көмекті қабылдау туралы шешімді үкімет басшысы не орынбасары қабылдайды.

Қазақстанға шетелден келіп жатқан гуманитарлық көмектің қажетті өңірлерге тез жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында Үкіметтің "Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгертулер енгізіліп жатыр, деп жазды Информбюро порталы

Оған сай, енді гуманитарлық жүк тиелген транспорт шекарада кезек күтіп тұрмайды. 

"Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін және әкетілетін тауарларға қатысты кедендік әкімшілендіру мен кедендік бақылауды бірінші кезектегі тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етеді" делінген қаулының жаңа мазмұнында. 

Бұл үшін, әрине, Қазақстан үкіметі гуманитарлық көмекті қабылдау туралы шешім шығарған болуы керек. Бұл процесс те бұрын алдын ала арнайы комиссияның қарауына жіберіліп, үш күнге созылатын болса, енді екі тәулік ішінде шешіледі. 
Гуманитарлық көмекті қабылдау не одан бас тарту жөніндегі шешімді премьер-министр не оның орынбасары қабылдайды. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: