Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысында сапарында ТШО, NCOC және КПО сияқты ірі мұнай-газ операторлары қазақстандық тауарлар мен жұмыстарды және қызметтерді аз сатып алатынын сын тезіне салды. Оның айтуынша, "Теңізшевройл", "North Caspian Operating Company", "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг" тәрізді компаниялардың 2018 жылғы жергілікті тауар өндірушілермен саудасы небары 34 пайызды құраған. Оның үстіне, бұл көрсеткіш, көптеген жылдар бойы алға жылжымауда.
Мәселенің шешімі ретінде Үкіметке Қашаған жобасындағы бастапқы тендерлер көлемін 20 млн долларға дейін жеткізу тапсырылды. Бүгінде болса, қазақстандық шағын және орта бизнестің бұл тарапта қолжетімділігі күрделі екені атап өтілуде.
Осылайша Мемлекет басшысы өңір халқының әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуге, отандық өндірушілерді дамыту үшін мұнай-газ секторының әлеуетін барынша пайдалануға көңіл бөлді. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке үш ірі жоба аясында өнімдерді сатып алу және қызмет көрсету ісіндегі отандық тауарлар мен жергілікті мамандардың үлесін көбейту, шетелдік және отандық жұмысшыларды бірдей еңбекақымен қамтамасыз ету жөнінде жүйелі жұмыс жүргізуге тапсырма берді.
"Азаматтарымыз сапалы білім алып, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы үшін барлық жағдайды жасауымыз керек. Отандық кәсіпкерлерге де айтарым бар. Мемлекеттің және кез-келген компанияның ең басты байлығы адам екенін ұмытпаңыздар. Бастысы – жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмысшылардың жалақысын арттыру", – деді ол.
Сонымен қатар, Президент, "Болашақ" мұнай және газ өңдеу зауытына барды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
66
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
72
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы