Главная Новости Жолсеріктер шетелдік жолаушының әмиянын тауып берді
Компания тынысы07 тамыз 2018, 11:20 588

Жолсеріктер шетелдік жолаушының әмиянын тауып берді

Жолсеріктер шетелдік жолаушының әмиянын тауып берді Сурет: "Қазақпарат" ХАА

Жолсеріктер №89/90 "Астана-Қызылорда" пойызына мінген Эль-Сальвадор елінің азаматшасы Андреа Эрнандестің жолда жоғалтып алған әмиянын қайта өзіне табыстады. 

Оқиғаға қысқаша тоқталсақ, Андреа Шымкентке жеткенде қалтасында әмияны жоғын байқаған соң, Назарбаев университеті арқылы "Жолаушылар тасымалы" компаниясына хабарласқан. Ал жолсеріктер пендешілікке салынбай, дереу пойыздан тапқан затты Астанадағы әріптестеріне жолдаған.

Студенттік тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында қонақжай Қазақстан жеріне табан тигізген Андреа Эрнандес ішінде ақша мен құжат бар әмиянды сол қалпында қайта табыстаған жолаушылар тасымалы өкілдеріне алғысы шексіз екенін айтады.

Выпуски SK NEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: