Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ел экономикасын дамытып, мұнай-газ секторын жетілдіруге бар күш-жігерін арнаған қара алтын игерушілер қашан да құрметке ие мәртебелі мамандар қатарында. Кен орнында өнімді еңбек етіп, қызмет белесінің биігін бағындырған мұнайшылар үшін зейнет демалысы – ұзақ жылғы абыройлы жұмыс жемісі. Бұл жолы біз сіздерді Қаражанбастағы соңғы вахтасын сәтті тәмамдап, құрметті демалысқа шыққан тағы бір еңбек адамымен таныстырмақпыз.
Николай Таласпаев Қаражанбасқа 25 жыл еңбегі сіңген алдыңғы қатарлы мұнайшылардың бірі. Ол қызметін пайдалану жабдықтарын икемдеу-жөндеу цехында (ПЖИЖЦ) қарапайым құрастырушы болып бастаған. «Болат қайнауда, батыр майданда шынығады» демекші, Николай өзіне жүктелген жұмысты тиянақты атқара жүріп, өндіріс өмірін толықтай меңгеріп, зеректікпен зерделеді. Жылдар бойы тәжірибесін толықтырып, кейін шебер қызметіне кірісті. Мұнда да әріптестерімен нәтижелі еңбек етіп, межелі мақсаттарға жету жолында жарқын жетістіктерімен көзге түсті.
«Біздің ұжым – ақылды да сауатты мамандар тоғысқан, өз ісінің шеберлері шоғырланған орта. Қаражанбастың абырой-беделінің биік болуы ең алдымен осындай мұнайшылардың арқасы деп ойлаймын. Біз барлық кезде бір-бірімізбен білгенімізді бөлісіп, жұмыс өнімділігін арттыруды мақсат тұттық. Мен зейнетке кетсем де, мұндағы игі дәстүрлер өз жалғасын тауып, комапаниямыз талай асудан асатынына сенімдімін», - деді Николай Таласпаев.

ПЖИЖЦ – өндіріс алаңындағы күрделі жұмыстарды атқарумен қатар, ұжымдағы әріптестер жетістігін ерекше бағалайтын қызметкерлерімен қуатты. Олар Николай Таласпаевқа ширек ғасырлық адал еңбегі үшін алғыс білдіріп, зейнет демалысына құрметпен шығарып салды. Алпыстың асқарын бағындырған ақылшы аға, сыйлы әріптес, білікті шебер де үзеңгілестері мен ізбасарларына ақ тілегін арнап, батасын берді.
«Қаражанбасмұнай» АҚ баспасөз қызметі
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
77
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
85
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы