Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдарды газдандыру жөніндегі тапсырмасыныңорындалуы аясында бүгін Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Шұбар ауылына табиғи газ берілді.
Салтанатты шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов қатысты. Шұбар ауылына тартылған газ құбырының ұзындығы 74,2 шақырымды құрайды. Бұл жобаны Целиноград ауданының құырылыс бөлімі жүзеге асырды. Аталған жоба аясында ауылдағы 400 үй табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға тағы бір қадам жасалды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдымызға қойған басты міндеті – халықтың өмір сүру деңгейін арттыру. Бүгінгі ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету шарасы – біздің осы бағыттағы тоқтаусыз жүргізіп отырған жұмысымыздың көрінісі. Биылдың өзінде өңірдің 125 мың тұрғынын қамтитын 12 газдандыру жобасы жүзеге асырылуда», – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.
Алғашқылардың бірі болып табиғи газға қосылған ауыл тұрғыны Айман Бейсенбаева: «Бұл – біздің отбасымыз үшін көптен күткен қуанышты оқиға. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға және тұрмыстық жағдайымызды жақсартуға бағытталған жұмыстарға ризашылығымызды білдіреміз. Енді ауыл тұрғындары от жағып, күл шығармайды, көмір тасымайтын болды. Жылы үй – жайлы өмірдің көрінісі емес пе?!», – деп өз әсерімен бөлісті.
Газ беру рәсімі барысында «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов: «Газға қосылу – бұл тұрғындар үшін тұрмыстық жағдайды жақсартумен қатар, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі және халықтың әл-ауқатын жақсартуға жасалған қадам. QazaqGaz ұлттық компаниясы еліміздің әр өңірінде халықтың өмір сүру сапасын арттыру және экономиканың тұрақты өсуі бағытында жұмыс жүргізуде», – деді.
Айта кетейік, 2024-2028 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама аясында «QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалы бірнеше елді-мекенде газ құбырларын жүргізуде. Солардың бірі – Ақмола облысы Целиноград ауданының Нұрлы ауылы 2025 жылдың 1 ақпанында табиғи газға қосылды
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
70
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
79
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы