Главная Новости «Шығыс Жетібай» кен орнында модульді компрессорлық станция пайдалануға берілді
10 декабря 2025, 16:29 59

«Шығыс Жетібай» кен орнында модульді компрессорлық станция пайдалануға берілді

«Шығыс Жетібай» кен орнында модульді компрессорлық станция пайдалануға берілді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес кәсіпорындары өндірістік көрсеткіштерді жақсарту және мұнай өндіру тиімділігін арттыру мақсатында жабдықтарды жаңғырту мен техникалық базаны жаңарту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді.

 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның «Шығыс Жетібай» кен орнында іске қосылған модульді компрессорлық станция (МКС) — бұл технологиялық процестерді басқаруға арналған автоматтандырылған жүйе. «Асар-1» топтық қондырғысынан шыққан ілеспе мұнай газы газ құбыры арқылы МКС-қа жеткізіліп, ондағы сығымдау, өңдеу және механикалық қоспалар мен тамшы ылғалдан тазарту процесінен кейін Ақтау–Жаңаөзен магистралды газ құбырына түседі. Одан кейін өңдеу үшін Қазақ газ өңдеу зауытына (ҚазГӨЗ) тасымалданады.

 Бүгінгі күні МКС-қа түсетін және өңделетін газ көлемі тәулігіне 93–95 мың м³ құрайды. Қазіргі уақытта, яғни қыс мезгілінде көгілдір отын Жетібай кен орнының өз қажеттіліктері үшін пайдаланылады. Алдағы уақытта станцияның жобалық қуаты тәулігіне 200 мың м³ дейін артады: газдың негізгі көлемі ҚазГӨЗ-ге тасымалданатын болады.✔️

Бұл жоба әлеуметтік маңызға ие, себебі бүгінде ҚазГӨЗ  Маңғыстау облысына сұйытылған газды жеткізетін негізгі кәсіпорын.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: