Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жуықта Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен жиында өңірді дамытудың маңызды бағыттары талқыланды. Әкім Ермек Көшербаевқа «Қолжетімді және сапалы медициналық көмек» бағыты бойынша «Дені сау ұлт» Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» және «Жайлы мектеп» ұлттық жобаларының іске асырылу барысы таныстырылды.
Мәселен, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында ШҚО-да жалпы құны 34 717,4 млн теңгені құрайтын 4200 орындық 10 мектеп салу жоспарлануда. Бұл туралы құрылыс, энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Дидар Кеңесбаев баяндады.
Облыс әкімі Ермек Көшербаев «Жайлы мектеп» жобасын іске асыруда білім министрлігімен өзара байланыса отырып әрбір нақты мектептің мүдделері мен өңірлік ерекшеліктерін ескеру қажет екенін атап өтті.
Сондай-ақ, жиын барысында денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Облыста қажетті медициналық жабдықтармен (рентген-аппараттармен, УДЗ, ЭКГ және гинекологиялық қарау жабдықтарымен) жабдықталған 7 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді», – деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлмира Сағидуллина.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі жылжымалы медициналық кешендер жұмысының нақты тиімділігін бағалауды тапсырды.
«Жобаның мақсаты – алыс-шалғайдағы елді мекендердің де уақтылы, сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етілуіне қол жеткізу. Сондай-ақ бізге осы уақытқа дейін пайдасы тиген PACS медициналық деректер алмасу жүйесін басқаруды жетілдіру бойынша да жұмыс істеу қажет», – деп түсіндірді Ермек Беделбайұлы.
Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, жақын арада Шығыс Қазақстандықтар облыстық деңгейдегі міндеттерді шешуде министрліктер мен ведомстволардың жергілікті өкілдерінің бірлескен жұмыстарының нәтижелерін көреді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
128
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету