Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Ізғұтты Айтықов және Бестерек ауылдарының мыңнан астам тұрғыны сапалы мобильді интернетті қолдана алады. «Қазақтелеком» компаниялар тобына кіретін Tele2 операторы жаңа базалық станция салып, Алтай тау жүйесінің оңтүстік-батысындағы Қалба жотасының етегінде орналасқан ауылдарға 3G желісін тарата бастады.
Ауылдардың орналасқан жері станция салуға көп кедергі келтірді: өйткені тау радиосигналды кері қайтарады немесе жұтып жібереді. Осы мәселені шешу үшін сигналдың қуатты базалық көзі, яғни талшықты-оптикалық байланыс желісі қажет болды. Сондықтан «Қазақтелеком» АҚ бүкіл елге ТОБЖ тарту жобасы аясында Ұлан ауданына оптикалық желі тартып әкелгендіктен жаңа станцияны салуға мүмкіндік туды. Айтпақшы, «АЕМ ТОБЖ» жобасы аясында 2 жылда ШҚО-да 1800 километр «оптика» тартылып, облыстың 94 ауылындағы 300-ден астам мемлекеттік мекеме жылдамдығы жоғары интернетпен қамтылды.
«Қазір Kcell мен Tele2 тағы бір жоба – «250+» бағдарламасын іске асырып отыр. Оның аясында 250 және одан көп тұрғыны бар ауылдар жылдам интернетпен қамтылады», – дейді Шығыс ӨТД телекоммуникация желілерін дамыту және пайдалану қызметінің бастығы Аслан Толықбаев.
Бұрын бұл ауылдардың тұрғындары тұрақты байланысты қолданушы еді, бірақ енді қазіргі телекоммуникация қызметінің бәрін тұтына алады.
«Қазақтелекомның» арқасында Бестерек ауылындағы 22 отбасы қашықтан оқып, онлайн қызметтерді қолданып жүр. Ізғұтты Айтықов ауылында компания мамандары сигналды жақсы ұстайтын төбешікті тауып, екі ауылға да сигнал жететіндей етіп станция орнатты», – дейді Ұлан ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрқат Садықов.
Ауылдардағы дерек жіберу жылдамдығы 8 Мбит/с дейін жетеді, ол HD-сападағы фильмдерді жүктеп алуға жетеді.
«Бұрын Интернетке кіру бір азап еді, бірақ қазір оқытушылар еш қиындықсыз kundelik.kz толтырып, конференцияларға қатысып жүр, жергілікті студенттер бізге келіп қашықтан емтихан тапсырып жүр», – дейді Қ.Қайсенов атындағы орта мектептің директоры Арқат Рақымбердинов.
Еске сала кетейік, былтыр «Қазақтелеком» еліміздің 828 ауылына 14,5 мың км ТОБЖ тарту жобасын аяқтады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
51
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
58
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы