Главная Новости «Шымкент-Астана» пойызының жолаушылары үйге дейінгі трансфер қызметіне тапсырыс бере алады
26 сәуір 2023, 13:00 837

«Шымкент-Астана» пойызының жолаушылары үйге дейінгі трансфер қызметіне тапсырыс бере алады

«Шымкент-Астана» пойызының жолаушылары үйге дейінгі трансфер қызметіне тапсырыс бере алады

№85/86 «Шымкент-Астана» пойызының жолаушылары Астана қаласы және жақын елді мекендер шегінде жайлы шағын автобустарда үйге дейін трансфер қызметін пайдалана алады, деп хабарлады Rail-news.kz.

Ол үшін жолаушылар вагондарындағы QR кодын сканерлеп, қажетті мекен-жайды көрсетіп, қызметке ақы төлеу жеткілікті. Сондай-ақ, жолаушылар вокзалдан үйге трансферді https://uvu.kz/ktzmain веб-сайты арқылы алдын ала сатып ала алады. Жолаушылардың барынша жайлылығы үшін шағын автобустар «Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешенінің №2 келу залынан шыға берісте күтеді.

Естеріңізге сала кетейік, интермодальды тасымалдауды (жолаушыларды көліктің бірнеше түрімен тасымалдау) дамыту шеңберінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ «UvU» international LTD» компаниясымен бірлесіп осы жылдың 17 сәуірінен бастап Нұрлы жол вокзал кешенінен межелі пунктке дейін шағын автобуспен пойыз жолаушыларын жеткізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Осы жоба іске қосылған сәттен бастап 300-ден астам жолаушы бұл қызметті пайдаланды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: