Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездесіп, шаһар әкімдігінде алқалы жиын өтті.
Мәжіліске Samruk-Kazyna Construction өкілдері, қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, басқарма басшылары және мердігерлер қатысты. Жиында Шымкент қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы пысықталып, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылды.
Мәулен Айманбетов жайлы мектептерді сыртқы инженерлік желілермен уақытылы қамтамасыз ету қажеттігін қадап айтты. Бүгінде Шымкентте 8 мектеп бойынша инженерлік инфрақұрылымның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан сәтті өткен. 4 мектеп бойынша сраптама қорытындысы айдың соңында алынады деп күтілуде.

Қала әкімі құрылыс сапалы болып, білім ошақтарын белгіленген мерзімде аяқтау керектігін ескертті. Жобаның жүзеге асуын тежеп тұрған бірқатар мәселелер ашық талқыланды.
Шаһар басшысымен кездесуден соң Мәулен Айманбетов Шымкентте бой көтеріп жатқан бірқатар мектептің құрылыс алаңын аралап, жағдаймен танысты. Ең алдымен «Тұран» шағын ауданындағы 1200 орындық жайлы мектептің құрылысын бағамдады, кейін «Оңтүстік-Шығыс» шағын ауданында салынып жатқан 1200 орындық білім ошағындағы және «Нұртас» шағын ауданында бой көтеріп жатқан 2000 орындық мектептегі ахуалды бағамдады. Мердігерлерге іске қарқын қосып, жұмысты 2-3 ауысымда ұйымдастыру жүктелді.

Ал кешке, жұмыс уақытының аяқталғанына қарамастан Samruk-Kazyna Construction басшысы Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша өңірлік өкілдердің егжей-тегжейлі есебін тыңдады. Әр нысан жеке-жеке қаралып, барлық проблемалық сұрақтар пысықталды. Ұлттық жобаны жергілікті жерде жүзеге асыруға жауапты компания мамандарына нақты тапсырмалар берілді.
Шымкентте ұлттық жоба аясында 18 мектеп салынады. Оның ішінде 12 білім ошағы 2024 жылы пайдалануға берілмек.Қалған 6 мектеп 2025 жылы қолданысқа тапсырылады. 4 мектеп осы жылдың 1 қыркүйегінде шымкенттік бүлдіршіндер үшін есігін айқара ашпақ.
145
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
323
02 марта 16:44
В Богатырь Комир прошел спортивный праздник к Международному женскому дню
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
175
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету