Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Көрме» орталығында жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ғимараттарын жабдықтауға арналған жиһаздар көрмесі ұйымдастырылды.
Олардың қатарында нарықта белгілі «Mega Smart», «Ақниет Holding», «Alem Luxury», «Шымснаб 13», «СК Аймақ», «Қыдырбаев», «Shymloft» фабрикаларының тауарлары бар. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жиһаз түрлерімен танысып, мектептерді жоба талаптарына сәйкес жабдықтау бойынша нақты тапсырмалар берді.
«Өндіріс орындарының қуаттылығына қарай кәсіпкерлерге заң шеңберінде мүмкіндіктер беріледі. Тиісті талаптарды қатаң сақтап, ең бастысы жиһаздардың білім алушыларға қолайлы әрі сапалы болуын қадағалаңыздар. Білім нысандарының заманауи талаптарға сай жабдықталуын назарға алу қажет», – деді қала әкімі.

Айта кетейік, ұлттық жобаны іске асыру мақсатында Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарлануда.
Жиһаз өндірушілер өндірістік қуаттылықтары мен мүмкіндіктерін таныстырып, бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді. Ғабит Әбдімәжитұлы жауаптыларға кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаулар аясында көмек көрсетуде бірқатар тапсырма жүктеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
134
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»