Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазатомөнеркәсіп-SaUran» базасында Қазатомөнеркәсіптің еншілес және тәуелді ұйымдары атқаратын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (ҒЗТКЖ) нәтижелерін тыңдау жөніндегі алаңның 9-шы отырысы өтті.
2024 жылдың қорытындысы бойынша өндіру және сервистік кәсіпорындардың 16 баяндамасы тыңдалды.
Сондай-ақ, алаң шеңберінде технологиялық хакатон өткізіліп, оның қорытындысы бойынша болашақ ҒЗТКЖ жобалары ретінде қарау үшін 9 ұсыныс әзірленді.
Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша аяқталған ҒЗТКЖ жобаларын одан әрі дамыту мен енгізу және оларды кейіннен көбейту жөніндегі негізгі тармақтар айқындалды, өндірістік тиімділікті арттыру үшін перспективалық бағыттар талқыланды. Соңынан қатысушылар «Қазатомөнеркәсіп-SaUran»-ның «Қанжуған» кенішіне барды.