Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған іс-шараға ҚМГ-ға қарасты 32 еншілес және тәуелді ұйымдардан 214 жас маман қатысып жатыр. Форумды ашқан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов ҚМГ жұмысшы мамандықтарға және сұранысқа ие, соның ішінде мұнай-газ химиясы саласындағы жаңа кәсіптерге ден қоя отырып, кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жүйесін одан әрі дамыта беретінін атап өтті. Бүгінде ҚазМұнайГаз компаниялар тобында 13,5 мың жас маман еңбек етуде.
— ҚМГ компаниялар тобының Жастар форумы кәсіби дағдыларды меңгерген, саланың болашағын айқындайтын жаңа буын мамандарын даярлауға көмектесуге бағытталған. Мемлекет басшысы атап өткендей, жасанды интеллектіні дамыту экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Жасанды интеллект, операциялық менеджмент, өндірістегі көшбасшылық, жүйелі ойлау мен тиімді шешім қабылдау тақырыптарындағы тренингтер жас мамандардың кәсіби тұрғыдан өсуге берік негіз болады, — деді ҚМГ басшысы.

Асхат Хасенов жастарды осы заманғы мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, маман ретінде, жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуға шақырды. Оның айтуынша, жастардың жауапкершілігі мен ісіне деген адалдығы болашақта мұнай-газ саласы өркендеуінің тірегі болмақ.
Үш күндік оқу бағдарламасы аясында форумға қатысушылар өндірістік процестерді басқарудың озық әдістемелерін нақты мысалдар арқылы игеруге, цифрландыру мен жасанды интеллектті қоса алғанда, заманауи технологиялық трендтер бойынша білімдерін кеңейтуге, сондай-ақ көшбасшылық және командалық дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік алады.


10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
67
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
76
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы