Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Шымкент қаласының «Оңтүстік-Шығыс» шағын ауданы тұрғындары үшін тарихи күн. Қазанның 24-і мұнда жайлы мектеп қолданысқа тапсырылды.
Білім ошағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысы бойынша жүзеге асырылды. Жаңа форматтағы заманауи нысанның сыйымдылығы бір кезекте 1200оқушы орнын құрайды. Мердігер - «Югстройсервис» ЖШС.
Білім ұясы ең озық технологиялармен жабдықталған. Мектепте балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. STEM-зертхана, робототехника, заманауи технология кабинеттері және фото-видео студиямен жабдықталған мектепке оқушылар келуге асық.
Атап өту қажет, жайлы мектептердің техникалық жабдықталуына 4 есе көп қаражат бағытталған. Қарапайым мектептерді жарақтауға нысан құнының 5 пайызын бөлсе, жаңа форматтағы мектептерге 20 пайызы арналған. Бұл - оқушылардың бәсекеге қабілетті ортада өсіп, білімі мен біліктілігін арттыру үшін үлкен мүмкіндік.