Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жаңа жыл қарсаңында Шымкентте бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұршуақ елдімекеніндегі 2000 орындық жайлы мектептің ашылуына қатысты, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
№149 Жалпы білім беретін орта мектепте интерактивті тақталар орнатылған 80 оқу кабинеті, асхана, бірнеше лингафондық компьютерлік сыныптар, зертханалық жұмыстарға арналған кабинеттер, кітапхана, шеберханалар, коворкинг-орталық қарастырылған.
Спорттық инфрақұрылымға төрт зал және ашық ойындар мен ашық алаңдар кіреді. Сондай-ақ, қосымша сабақтар өткізу үшін кабинеттер де бар.
Айта кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы оқушы орындарының тапшылығы, апатты мектептерді жою және үш ауысымды оқыту мәселелерін шешуге бағытталған.