Главная Новости ШЫҰ аясындағы ынтымақтастық: ҚТЖ жүк тасымалы 320 млн тоннаға жетті
30 марта 2026, 10:11 54

ШЫҰ аясындағы ынтымақтастық: ҚТЖ жүк тасымалы 320 млн тоннаға жетті

ШЫҰ аясындағы ынтымақтастық: ҚТЖ жүк тасымалы 320 млн тоннаға жетті

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Шәкенов Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің теміржол әкімшіліктері басшыларының 6-шы кездесуінің Пленарлық отырысына қатысты. Сөз сөйлеу барысында спикер ШЫҰ кездесулерінің форматы бірлескен жұмысты талдау және еуразиялық кеңістіктегі көлік байланыстарын нығайту жөніндегі жаңа қадамдарды жоспарлау үшін құнды алаң болып табылатынын атап өтті.

Теміржол тасымалын дамыту елдің транзиттік-көліктік әлеуетін ашуға бағытталған ҚР көлік саясатының негізгі басымдығы болып қала береді. Марат Шәкенов отырысқа қатысушыларға компания жұмысының рекордтық көлемі туралы деректерді ұсынды: 2025 жылдың қорытындысы бойынша жүк тасымалы тарихи максимумға – 320 млн тоннаға жетті, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 5,5% жоғары.

Бұл ретте халықаралық тасымалдардың көлемі 143 млн тоннаны құрады, 80% астамы (115,3 млн тонна) ШЫҰ елдеріне келді, бұл өткен жылға қарағанда 6% өсімді көрсетті. Ал ағымдағы жылдың алғашқы екі айында тасымалдау көлемі 19,8 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 10% артық. «Бұл нәтиже Қытай, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан темір жолдарымен екіжақты негізде де, көпжақты форматта да үйлесімді бірлескен жұмыстың нәтижесі», - деп атап өтті ол.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: