Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бүгін Қытайдың Сиань қаласынан «Сиань – Алматы» бағыты бойынша алғашқы халықаралық туристік пойыз жолға шықты.
Салтанатты жөнелту рәсіміне «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов бастаған қазақстандық делегация, сондай-ақ, Қытай тарапынан мемлекеттік органдардың, жергілікті әкімшілік құрылымдардың, туризм және көлік саласындағы ұйымдардың өкілдері қатысты.
«Бұл жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыстарды тереңдетіп, туризм саласындағы серіктестікті дамытуға бағытталған. Сапар барысында қытайлық қонақтар еліміздің тарихи-мәдени мұрасымен жақынырақ танысып, болашақта жаңа бірлескен жобалардың бастамасына негіз қаланады деп сенеміз» – деді Әнуар Ахметжанов.
Пойыз Үрімжі қаласы арқылы өтіп, халықаралық шекаралық Қорғас өткеліне тоқтайды. Бұл жерде пойыздың дөңгелек жұптары ауыстырылады. Одан кейін пойыз Алтынкөл станциясы арқылы Алматы қаласына жетеді.

Туристік пойыз 9 вагоннан тұрады және жолаушыларға барынша қолайлы жағдай жасау үшін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Туристік топ құрамында бизнес өкілдері, ғалымдар, актерлер мен спортшыларды қоса алғанда 246 адам бар.
Қытайлық туристтер бес күн бойы Қазақстанның оңтүстік астанасының тарихи және мәдени мұрасымен танысып, негізгі көрнекті орындарды аралайды, сондай-ақ, қабылдаушы тарап ұйымдастырған мәдени және іскерлік іс-шараларға қатысады.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
86
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
94
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы