Главная Новости Siemens Energy «Түркістан БГҚ» жобасының іске асырылу барысымен танысты
28 июля 2026, 14:51 42

Siemens Energy «Түркістан БГҚ» жобасының іске асырылу барысымен танысты

Siemens Energy «Түркістан БГҚ» жобасының іске асырылу барысымен танысты

«Түркістан БГҚ» ЖШС алаңында Siemens Energy делегациясы жобаның жетекшісі Сиамак Манипуридің басшылығымен болды. Сапар Siemens Energy газ турбиналары мен генераторларын орнату бойынша шеф-монтаждық сүйемелдеу аясында өтті.

Бұған дейін жоба үшін Германиядан Siemens Energy өндірісінің төрт газ турбинасы, оларға арналған төрт генератор, бу турбиналарына арналған генераторлар, сондай-ақ қосалқы жабдықтар жеткізілген. Жоба командасымен, Doosan Enerbility және «Integra Construction KZ» ЖШС өкілдерімен бірлесіп, мамандар негізгі агрегаттар мен қосалқы жүйелердің техникалық жай-күйін, монтаж кезінде зауыт талаптарының сақталуын және орындалған жұмыстардың сапасын тексерді.

«Біз электр станциясының құрылысында өте жақсы ілгерілеуді көріп отырмыз. Бұған дейін жобаға қатысушылар арасында жекелеген жұмыс мәселелері болған, қазір олар реттелді. Жұмыстар төрт-бес ай бұрынғы кезеңмен салыстырғанда әлдеқайда жылдам жүріп жатыр», - деп атап өтті Siemens Energy жобасының жетекшісі.

Сапар бағдарламасына сондай-ақ іске қосу-баптау жұмыстарына дайындық, эксплуатациялық персоналды оқыту, қосалқы бөлшектерді жеткізу, логистика және станция аумағында бөлшектерді сақтау шарттары мәселелері енгізілді.

«Электр станциясын пайдалануға беру үшін сіздерге дайындықтан өткен мамандар қажет болады. Біз персоналды тікелей жұмыс орнында да, Германияда да оқытуымыз керек. Бұл мәселені жоспарлау кезеңінде ескеру қажет, өйткені іске қосу-баптау жұмыстарына персонал алдын ала дайын болуы тиіс», - деп атап өтті Сиамак Манипури.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: