Главная Новости Силлено полиэтилен зауытының құрылысына қазақстандық компаниялардың қатысуын кеңейтуде
06 октября 2026, 11:20 135

Силлено полиэтилен зауытының құрылысына қазақстандық компаниялардың қатысуын кеңейтуде

Силлено полиэтилен зауытының құрылысына қазақстандық компаниялардың қатысуын кеңейтуде

Қазіргі уақытта полиэтилен өндіретін зауыт құрылысы жобасын іске асыруға 40-қа жуық қазақстандық компания тартылған. Олармен жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 1,2 млрд АҚШ долларынан асады.

Қазақстандық компаниялар жобалау, жабдықтар мен материалдарды өндіру және жеткізу жұмыстарына қатысып, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарын атқаруда.

Отандық өндірушілер бірегей әрі технологиялық күрделі жабдықтарды да жеткізуде. Олардың қатарында этиленді фракциялау бағанасы, суыту бағанасы, деаэратор, трансформаторлар, электрмен жабдықтау және автоматтандыру жүйелері бар. ️Соның жарқын мысалдарының бірі – «АтырауНефтеМаш» зауытында жасалған, биіктігі 101,8 метр және салмағы 1,5 мың тоннадан асатын жобадағы ең ірі этиленді фракциялау бағанасы. Қыркүйек айында жабдық Силлено құрылыс алаңында орнатылды.

Қазақстандық компаниялар бетон, қадалар, металл конструкциялар және полиэтилен құбырлары секілді негізгі құрылыс материалдары мен конструкцияларды да жеткізуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарының едәуір бөлігін қазақстандық мердігерлер атқарады.

Кадр даярлауға да ерекше көңіл бөлінуде. Жобаның EPC-мердігерлері халықаралық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда. Оның аясында төрт жыл ішінде Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындарының 400-ге жуық студенті мен түлегі Испания мен Италияда инжиниринг және жобаларды басқару бағыттары бойынша біліктілігін арттырады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: