Главная Новости Мектептегі химиядан — ірі индустриялық жобаға дейін
27 апреля 2026, 18:38 23

Мектептегі химиядан — ірі индустриялық жобаға дейін

Мектептегі химиядан — ірі индустриялық жобаға дейін

Сәуір Көпбаев «Силлено» ЖШС-дегі еңбек жолын үйлестіруші маман ретінде бастап, бүгінде пиролизді жобалау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарады. Химик-технолог мамандығы бойынша білім алған Сәуір жоба жұмысына бастапқы кезеңнен бері араласты.

Ол жобаның барлық негізгі кезеңінде — тұжырымдаманы, техникалық-экономикалық негіздемені дайындаудан бастап базалық жобалау (FEED) және оны іске асыруға дейінгі процестерге атсалысты.

— Мамандыққа деген қызығушылығым мектеп кезінен басталды. Химия пәнін ерекше жақсы көрдім, түрлі олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар алдым. Кейін Назарбаев Университетін тәмамдадым. Бүгінде қазақстандық мамандармен бірлесіп, алған білімімді тәжірибеде қолданып, елге пайда әкелетін ірі өнеркәсіптік жобалардың бірін жүзеге асыруға қатысып жүрмін. Мұнай-газ химиясы — жоғары технологияға негізделген, қарқынды дамып келе жатқан сала. Қазақстан үшін бұл бағыт осы ауқымда әлі де жаңа болғанымен, ол отандық жас мамандарға әлемдік деңгейдегі жобаларға қатысуға кең мүмкіндік береді, — дейді С.Көпбаев.

Бүгінде Сәуір бір топ инженермен бірлесіп мұнай-газ химиясындағы ең күрделі процестердің бірі — пиролиз қондырғысын жобалауды үйлестіруде. Онда температураның кең диапазоны (+850 °C-тан -140 °C-қа дейін) және қысым жағдайында этаннан этилен алынады, ол полиэтилен өндірісінде негізгі шикізат болып саналады.

Жобалау кезеңінде Сәуір жетекшілік ететін ұжымның бірлескен еңбегі өндірістің технологиялық негізін қалыптастырады. Болашақ зауыттың сенімділігі, тиімділігі мен қауіпсіздігі дәл осы қабылданған шешімдерге тікелей байланысты. Атырау облысында жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыттың құрылысы — Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласындағы негізгі жобалардың бірі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: