Главная Новости Силлено зауытының құрылысында еңбек қауіпсіздігі күшейтілді
23 января 2026, 15:23 472

Силлено зауытының құрылысында еңбек қауіпсіздігі күшейтілді

Силлено зауытының құрылысында еңбек қауіпсіздігі күшейтілді

2026 жылдың қаңтар айының басында полиэтилен өндіретін болашақ Силлено зауытының құрылыс алаңында еңбекті қорғау саласындағы маңызды көрсеткіш — өндірістік жарақатсыз және жұмыс уақытын жоғалтусыз (LTI) 2 миллион адам-сағат тіркелді. Бұл нәтиже құрылыс жұмыстары басталған сәттен бастап жобаға қатысушылардың, соның ішінде мердігер және қосалқы мердігер ұйымдардың қауіпсіз еңбегінің жиынтық көлемін көрсетеді.
 

Компания тәуекелдердің алдын алу, стандарттарды сақтау және адамдарға қамқорлық жасау сияқты басты басымдықтарды қамтитын жүйені кезең-кезеңімен қалыптастырып келеді.

Қазіргі уақытта нысанда екі негізгі технологиялық қондырғы — пиролиз және полимерлеу, сондай-ақ зауыттың жалпы шаруашылық нысандары бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда. Құрылысқа 1 100-ден астам маман және шамамен 330 техника бірлігі тартылды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: