Главная Новости "Lean 6 Sigma" дегеніміз не, қыруар қаржыны қалай үнемдейді?
31 шілде 2019, 16:13 4545

"Lean 6 Sigma" дегеніміз не, қыруар қаржыны қалай үнемдейді?

"Lean 6 Sigma" дегеніміз не, қыруар қаржыны қалай үнемдейді?

Жуырда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ негізгі өндіріс орындары шоғырланған Маңғыстау өңірінің орталығы Ақтау қаласында "Lean 6 Sigma негіздері және жүйенің енгізілуі мен жұмыс істеуі барысындағы бірінші басшылардың орны" тақырыбында тренинг өткізілді. Жиынға ҚМГ және оның мұнай-газ өндіретін еншілес ұйымдарының басшылары қатысты. Шараны ҚМГ трансформация және цифрландыру блогы ұйымдастырды деп хабарлайды Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Қатысушылар арасында бағдарлама қызу талқыға түсіп, мұнай сервисі мекемелерінің басшылары "Lean 6 Sigma" жобасын таяу арада енгізуге ынта білдірген. Ал, бұл бағдарлама, "ҚазМұнайГаз" компаниясына қарасты мұнай өңдеу зауыттарында бірнеше жыл бұрын енгізілген.

"Lean 6 Sigma" бағдарламасы бизнес-үдерістерді өзгертуге және цифрлық технологияларды енгізуге қызметкердің дайындығы мен қызығушылығын арттыруға мүмкіндік бермек.

Мұндай жобаларды іске асыру өзгерістерді басқару ісімен де (change-management) тығыз байланысты. Өйткені, қызметкердің ойлау жүйесін өзгертуге септігін тигізеді. Ал адамдар өз кезегінде бизнес-үдерістерді, тіпті технологияларды өзгертеді. Мысалы, Павлодар мұнай-химия зауытында 2016-2018 жылдар аралығында бағдарлама бойынша 27 адам оқытылған. Кейіннен өндіріске енгізіліп, кәсіпорын қаржысын үнемдеуге мүмкіндік берген 20 жобаны ұсынған нақ осы қызметкерлер болған. Осы зауытта ғана 43,6 млн теңгеден астам қаражат үнемделген.

Оқудан өткен және жобаларды іске асырған қызметкерлерге шығыс жекпе-жегі жүйесіне ұқсас "белбеулер" беріледі. "Жасыл белбеу" – бұл күрделілігі бойынша оңай және орташа жоба жетекшілерінің деңгейі. Олар ауқымды мәліметтерді талдап, жүйелей білуге тиісті, ақпаратты дұрыс реттеп, түсінікті қылып ұсынулары қажет. "Қара белбеу" – кез-келген күрделі жобалардың үйлестірушілері, "жасыл белбеу" иелерінің ұстаздары. "Қара белбеу шеберлері" – бұл жоғары техникалық және ұйымдастырушылық қабілеттері бар және бағдарламаның техникалық басқаруын қамтамасыз ететін қызметкерлер.

«Lean 6 Sigma» тұжырымдамасы кәсіпорын тиімділігін арттыру мен қызметін оңтайландыру мақсатында жобаларға бастамашылық ететін қарапайым қызметкерлерді ынтыландыруға негізделген. Ол үшін қызметкерлер арнайы "DMAIC" әдістемесі бойынша оқытылады. Оқу бес кезеңнен тұрады. Алғашқы екеуі – анықтау (Define) және өлшеу (Measure). Бұл кезеңде жобаның бизнес-кейсі дайындалады. Яғни, нақты мақсат қойылып, оған жетудің уақыт шегі белгіленеді, кәсіпорынның ақаулары мен түйіткілді мәселелері анықталады. Одан кейінгі үш кезең "сараптама (Analyze)", "жетілдіру (Improve)" және "бақылау (Control)" деп аталады. Бұл кезде ақаудың пайда болуының негізгі себептері анықталады және сарапқа салынады. Оларды азайту арқылы өндіріс мейілінше жетілдіріліп, оның бұдан арғы барысы бақылауға алынады.

Жалпы, "Lean 6 Sigma" тұжырымдамасы сапаны басқарудың екі әдісін біріктіру нәтижесінде пайда болған. Біріншісі – шығындарды азайту мен процестерді үдету қағидаларын қамтитын жапондық "Lean manufacturing (Үнемді өндіріс)" әдісі. Ал, екіншісі өнім сапасын арттыру мен клиент сұранысын өтеуге бағытталған американдық "Six Sigma (Алты сигма)" тәсілі. Бағдарлама компанияның шығындарын азайту үшін жобалық тәсілді жүйелі түрде қалыптастыратын ең ұтымды әдістеме болып табылады.

Трансформациялық жобаның мұнай өңдеу кәсіпорындарында ойдағыдай іске асырылуына көзі жеткен ҚМГ "Lean 6 Sigma" бағдарламасын басқа сегменттердегі кәсіпорындарына таратуды ұйғарған. Сөйтіп, ҚМГ жаңа цифрлық трансформация бағдарламасы "Мұнай және газ өндіру" бизнес-бағытындағы еншілес ұйымдарға "Lean 6 Sigma-ны енгізу" жобасымен толықтырылып отыр. Бұл шешім кездейсоқ емес. ҚМГ тиімділігін арттырудың негізгі әлеуеті дәл осы сектормен тығыз байланысты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: