Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«NAK Construction», «Нұр Астана Құрылыс», «СРБ-L», «Құрылыс», «Bazis Construction». Аталған компаниялардың құрылыс алаңдарындағы шаруа бекітілген кестеден қалып барады. Басым бөлігінде бригадалар жер қазу жұмыстарын да аяқтамаған. Проблемалық сұрақтарды егжей-тегжейлі қарастыру үшін Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді.
Мердігерлер талаптарды орындап, құрылысқа дайындық жұмыстарына білек сыбана кіріспек. Алайда, Астана қаласындағы 600 орынға шақталған жайлы мектеп бойынша бір гәп бар. "NAK Construction" серіктестігі таңдаған жобалаушы ұйым оқу ошағының орналасуын әлі анықтамаған. Мәселені көпке созбай шешу үшін Мәулен Айманбетов учаскеге барып, сұрақты күн тәртібінен алып тастады. Басқарма Төрағасы мердігерге болашақ білім ұйымының Бас жоспарын әзірлеуді жүктеді.
Абай облысы Бесқарағай ауылында 300 орындық мектепті салатын "Құрылыс" серіктестігімен де толық түсіністік бар. Компанияға ескерту жасалып еді, мамандар шаруаны бір жолға қойып, қатемен жұмыс істеп жатыр. Мердігер ұйым екі ауысымдық кестені енгізіп, ұлттық жобаның жүзеге асырылу кезеңдері бойынша Жол картасын әзірлеп, камераларды орнатқан. Ертең бейнебақылау жүйесі желіге қосылады. Жиын барысында жайлы мектептердің кіреберіс жолдарының мәселесі де шешілді. Учаскенің ыңғайсыз орналасуына байланысты алдымен жолдарды 3 жақтан жасау қарастырылған еді. Бұл бастауыш пен жоғары буын сыныптарының бірге кіріп-шығуына әкеп соқтырмақ. Сондықтан Мәулен Айманбетов міндетті түрде төрт жақтан кірме жолдарды салу қажеттігін атап өтті.

Тамыз айының соңында Аягөз қаласында 600 орындық жайлы мектеп салу үшін жер учаскесін алған "СРБ-L" ЖШС жұмысының қарқыны көңіл қуантпайды. Геологиялық зерттеу нәтижелері күні кеше дайын болғандықтан, мердігер компания жер қазу жұмыстарына да кіріспеген.
"Bazis Construction" ЖШС учаскелерінде жұмыстарды орындау мерзімі бойынша да ескертулер бар. Компанияға құрылысшылар мен техника санын арттыру арқылы істі жеделдету тапсырылды.
Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов мердігер ұйымдардың назарын екі ауысымды жұмыс кестесінің қажеттілігіне аударды. Алайда, ол жергілікті тұрғындарға кедергі келтірмеуі тиіс. Яғни, шулы жұмыстарды күндіз жасап, түнде дайындық шараларына көңіл бөлу керек. Сондай-ақ, жақын арада құрылыс алаңдарын ретке келтіріп, учаскені жасыл және қызыл аймақтарға бөліп, адамдардың жүруі мен техниканың қатынауын қамтамасыз ететін жол салу міндет.

SK Construction басшысы құрылыс компанияларына ұлттық жобаның басты миссиясы үш ауысымды оқыту мен апатты мектептерді жою екенін еске салды. Білім алу үшін көрші ауылға баратын, балалардың саны нормадан көп немесе апаттық оқу орындарында оқитын ұл-қыздардың болашағы үшін жайлы мектептерді уақытылы және сапалы салу маңызды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
138
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»