Главная Новости SK Construction басшысы: «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асыру барысын күнделікті бақылау керек
17 қазан 2023, 12:30 1199

SK Construction басшысы: «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асыру барысын күнделікті бақылау керек

SK Construction басшысы: «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асыру барысын күнделікті бақылау керек

Мұндай тапсырманы басқарма төрағасы компанияның өңірлік өкілдеріне жүктеді. Демалыс күндері Мәулен Айманбетов әр білім ошағының учаскесінде атқарылған шаруаны зерделеп, екіауысымды жұмыстың ұйымдастырылуын 23:00-ден кейін камералар арқылы тексерген.

«Құрылыс мәдениеті деңгейінің төменділігі көзге түседі, атап айтқанда техникалық нысандар жоқ, тротуарлар мен ауыр техникаға арналған жол салынбаған. Бүгін-ертең жаңбырлы маусым басталады, дәл сол кезде балшыққа батып, қиындыққа тап боласыздар. Сондықтан, тез арада жер учаскесіне инертті материалдарды төгіп, қажет болса бетон құйып, жол істеу керек. Аумақты қоқыстан тазартып, құрылыс материалдарын сақтайтын орындарды да дайындаған жөн», - деді Samruk-Kazyna Construction басшысы.

Ескертулердің басым бөлігі Маңғыстау облысына айтылды. Аймақта 2023-2025 жылдар аралығында 21 жайлы мектеп бой көтермек, оның 13-і келесі оқу жылында қолданысқа тапсырылады. Алайда, кейбір мердігер ұйым өздеріне артылған жауапкершілік жүгін сезінбейтін көрінеді. Жер учаскелерін құрылыс компаниялары 2-3 ай бұрын алғанымен, жер қазу жұмыстарын әлі де аяғына дейін жеткізбеген. Аумаққа талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту бойынша да шаруа қарқыны өте нашар. Құрылысқа дайындық процессі көңіл көншітпейтін ұйымдарды Мәулен Айманбетов жеке кездесуге шақырмақ.

Шымкент қаласы мен Ұлытау, Түркістан облыстарындағы учаскелерде камералардың орналасуы талапқа сай келмейді. Бейнебақылау жүйесімен жайлы мектеп орын тебетін аумақтың өзі емес, техникалық нысандар, қоршау мен кіріп-шығатын есік қамтылған. Мәулен Айманбетов 4 камера қазаншұңқырдың периметрі бойынша, тағы бір камера учаскені түгел алатындай жерде орналасуы тиіс екенін еске салды.

Техника мен жұмыс қолын жұмылдыру бойынша шаруаны жайлы мектептердің барлық учаскелерінде атқару керек. Құрылысқа дайындық күндіз де, жергілікті тұрғындарға ыңғайсыздық тудырмай, түнде де жалғасуы тиіс. Басқарма Төрағасы жүктелген тапсырмаларды орындауға мердігерлерге де, тиісті бақылау жүргізбей жатқан компанияның өңірлік өкілдеріне де берді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: