Главная Новости SK Construction басшысы жайлы мектептерді салатын мердігерлермен кездесті
18 мамыр 2023, 16:35 943

SK Construction басшысы жайлы мектептерді салатын мердігерлермен кездесті

SK Construction басшысы жайлы мектептерді салатын мердігерлермен кездесті

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов жайлы мектептерді салатын жеті жер учаскесін аралады.

Олар келесі мекен-жайларда орналасқан:

  1. Төле би және Е758 көшелерінің қиылысы,
  2. Е17 және Е26 көшелерінің қиылысы,
  3. Төле би және 24 көшелерінің алаңында,
  4. Е48 және Е77 көшелерінің қиылысы,
  5. Мәңгілік ел даңғылы мен Е497 көшесінің қиылысы,
  6. Қ. Қайсенов көшесі, №4 үй ауданы,
  7. Орынбор және №37 көшелерінің қиылысы.

Елорда тұрғындарының жыл сайын артуына байланысты жайлы мектептер салу өте өзекті мәселе болып табылады. Мәселен, Төле би және Е758 көшелері ауданында салынатын төрт қабатты мектепте бір ауысымда 2000-ға жуық бала білім ала алады. Құрылыс компаниясы нысанды 2024 жылдың желтоқсан айына дейін тапсыруды жоспарлап отыр.

Қаланы аралау барысында SK Construction Басқарма төрағасы құрылыс компанияларының дайындығы және құрылыстың бастапқы бас жоспарларымен танысты. Ол жер учаскелерін жобалау мен құрылысқа дайындау, уақытша инженерлік коммуникацияларды тарту және құрылыс кезеңінде камералар қойып, объектілерге кірме жолдарды төсеу мәселелерін жедел шешуді тапсырды.

Сондай-ақ, инженерлік-геодезиялық зерттеулер жүргізуге ерекше назар аударылды. Мысалы, Орынбор мен №37 көшелерінің қиылысында мектеп салу үшін батпақты жер бөлінген. Мәулен Айманбетов бас мердігердің алдына топырақты зерттеу үшін мамандандырылған кәсіпорынды міндетті түрде тарту туралы шарт қойды. 

"Сондай-ақ, жаңбыр суы аумақта қалмай, каналдар арқылы қалалық кәрізге ағып кетуі үшін көлденең белгілерге назар аударуыңызды сұраймын. Әр жұма сайын сізден есеп күтемін, онда құрылыс кестесі, проблемалық мәселелер және бұл аптада, осы айда орындалған жұмыс көлемі туралы мәліметтер көрсетілуі керек", - деп Басқарма төрағасы құрылыс компанияларының өкілдеріне тапсырды.

Құрылыс кезеңінде жер учаскесі оқу орындарының эскизі және жайлы мектептердің жалпы білім беретін мектептерден айырмашылығы туралы ақпарат көрсетілген  баннерлермен қоршалады.  

Білім беру инфрақұрылымын дамыту жоспарына сәйкес Астана қаласында 23 мектеп салу көзделген. Оның ішінде 22 мектеп 2024 жылы пайдалануға беріледі, 1 мектепті жергілікті атқарушы орган тауар ретінде сатып алу тетігі арқылы салатын болады.

Бірінші кезеңде 15 мектеп бойынша конкурс жарияланды және конкурс қорытындысына сәйкес барлық лот бойынша жеңімпаздар анықталды. Қалған 7 лот бойынша конкурс екінші кезеңде өткізіледі.

Конкурстан өткен компаниялар оқу орындарын жобалау кезеңіне кірісті. Жобалаумен қатар құрылыс жоспарланған жер учаскелерінде дайындық жұмыстары басталады. 

Естеріңізге сала кетейік, "Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы елордада, мегаполистерде, облыс орталықтарында, шағын қалалар мен ауылдарда оқу орындарының тапшылығын шешуге бағытталған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: