Главная Новости SK Construction Директорлар кеңесінің мүшелері Мetal Former зауытына барды
08 қараша 2023, 14:30 1264

SK Construction Директорлар кеңесінің мүшелері Мetal Former зауытына барды

SK Construction Директорлар кеңесінің мүшелері Мetal Former зауытына барды

Көшпелі жұмыс сессиясы аясында делегация шатыр және қаптау материалдарын өндіру процесімен танысты.

Жаңа зауыт «Астана – жаңа қала» АЭА аумағында орналасқан. Өндірістік қуаты айына 75 мың м²  дейін ламинатталған қабырға панельдері. Бұл өндірісте экологиялық таза целлюлоза негізін және қабырға панельдерін ламинаттау технологиясын қолданатын елдегі алғашқы кәсіпорын.

Сондай-ақ, зауыт жылына 7,2 мың тоннаға дейін алюминий профильдерін, 2 млн м² дейін қасбетті қаптау материалдарын және 1,5 млн м² дейін шатыр жабындыларын өндіруге қауқарлы.

Инвестиция сомасы – 4,2 млрд теңге. Оның 3,4 млрд теңгесін (80%) инвестициялық қызметі шеңберінде Samruk-Kazyna Construction құйды.

Өндіріс ошағының ашылуы осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Осылайша, акционерлік қоғам импортты алмастыруды дамыту бағдарламасын іске асыруға елеулі үлес қосты. Құрылыс материалдарының жергілікті өндірісін арттыру арқылы импортқа тәуелділік азайып қана қоймай, тұрғын үйдің шаршы метр бағасы да арзандайды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: