Главная Новости SK Construction елдің жиһаз жасаушылары үшін тең бәсекелестік ортасын қалыптастырды
17 маусым 2024, 09:33 763

SK Construction елдің жиһаз жасаушылары үшін тең бәсекелестік ортасын қалыптастырды

SK Construction елдің жиһаз жасаушылары үшін тең бәсекелестік ортасын қалыптастырды

Алматыда ірі жиһаз көрмесі өтуде, мұнда  материал, дайын жиһаз, қаптауға арналған маталар мен интерьердің толық жиынтығының түр-түрі назарға ұсынылған. Өнімдерді 9 елдің 160-тан астам компания әкеліпті. Ұлттық экономика министрлігі, «Атамекен» ұлттық палатасы, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы өкілдерінен құралған Делегация бірінші кезекте отандық жиһаз үлгілерімен танысты.

Көрме аясында жайлы мектептерді отандық жиһазбен қамтамасыз етуге арналған жиын өтті. Кездесуге жиһаз жасаушылар қауымдастығының президенті Қанат Ибраев, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әмрин және «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мониторинг тобының жетекшісі Қуат Жылқыбаев қатысты. Қазақстандық бизнес өкілдері шараға қатысушылардың назарын кейбір құрылыс компанияларының жиһаз бойынша келісімшартқа отыру процесін созып жатқанына аударды. Қуат Әубәкірұлы қазіргі уақытта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының бірыңғай дирекциясы аталған істі тездетіп жатқанын жеткізді.  Мердігерлерге жобалық-сметалық құжаттаманың оң қорытындысын алғаннан кейін 30 күн ішінде жиһаз шығарушылармен шартқа отыру бойынша талап қойылған еді. Уақыттың шектеулігіне байланысты SK Construction әр консорциумның басшысымен жеке жұмыс істеп, шаруаға белсенді қатысуды сұрап отыр.

Алайда, бірыңғай дирекция мердігерлерді белгілі бір компаниямен шарт жасасуға міндеттей алмайды. SK Construction бизнес үшін тең бәсекелестік ортасын қалыптастырған болатын. Сондықтан отандық тауар өндірушілер мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылыс компанияларымен өздері тікелей байланыс орнатуы керек.

Кәсіпкерлер Қазақстанның басқа өңірлерінен жиһаз сатып алу мәселесін де көтерді. Бизнесмендер тауар тек жергілікті кәсіпорындардан жеткізілуін талап етуде. Бірақ, мектептерді толық жиһаз жиынтығымен қамту мүмкіндігі облыстардың барлығында бірдей жоқ. Сондықтан мердігерлер көршілес аймақтардың тауарөндірушілерімен келісімшартқа отыруға құқылы.

Бастысы – мектептерді сапалы жиһазбен қамтамасыз ету және импорттық тауардың сатып алынуына жол бермеу.  Бұл ретте мониторингтік топтың жетекшісі Қуат Жылқыбаев барлық қоғам белсенділерін бірігіп, қатаң бақылау жүргізуге шақырды. Қадағалау процесін оқу орындарына жиһаз келген кезде ғана емес, сонымен қатар өндіріс кезеңінде де ұйымдастыру қажет.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: